Директорлар кеңесінің теңдестірілген құрамы

2017 жылдың 31 желтоқсанында Директорлар кеңесі алты мүшеден құралды: мажоритарлық акционерлер тағайындайтын төрт мүшеден (екеуі – «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ атынан, екеуі BAE Systems компанисы атынан), сондай-ақ екі тәуелсіз директордан. Қоғамның Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысымен кумулятивтік дауыс беру жолы арқылы сайланады. «Эйр Астана» Директорлар кеңесінің құрамын Компания корпоративтік басқарылымының ағымдағы даму кезеңінде құзіреттіліктер деңгейі, Директорлар кеңесі мүшелерінің жасы мен акционерлердің мүдделерінің көрініс табуы тұрғысынан біршама теңдестірілген және оптималды деп бағалайды.

Директорлар кеңесінің мүшесі Сайлану күні Мәртебесі Нешізгі құзіреттіліктері
1 Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы 2008 жылдың желтоқсаны «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тарапынан ұсынылған Авиациялық бизнес, көлік саласы, корпоративтік басқару
2 Битенов Ғани 2017 жылдың қаңтары Заң саласы, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару
3 Дэвид Коул 2013 жылдың наурызы BAE Systems компаниясы ұсынған Қаржы, қаржылық есептілік пен аудит
4 Алан Фрэйзер 2015 жылдың қаңтары Қаржы
5 Ларионов Дмитрий Владимирович 2008 жылдың сәуірі Тәуелсіз директор Қаржылық есептілік пен аудит, корпоративтік басқару
6 Лорд Томас Александр Хескет 2007 жылдың қазаны Тәуелсіз директор Авиациялық бизнес

Директорлар кеңесінің мүшелері есеп беру жылында Компания акицяларына иелік еткен жоқ және акциялармен мәміле өткізген жоқ.

Директорлар кеңесінің құрамында 2017 жылы орын алған өзгерістер

Марат Оразбеков – акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Директорлар кеңесі құрамынан 2017 жылдың 30 қаңтарында шығарылды.

Ғани Битенов – акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Директорлар кеңесі құрамына 2017 жылдың 30 қаңтарында сайланды.

Директорлар кеңесінің рөлі

Директорлар кеңесінің құзіретіне келесі өкілеттіктер жатады:

  • Қоғам қызметінің (дамуының) басым бағыттарын анықтау, сондай-ақ Қоғам дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын алдын ала мақұлдау және оны акционерлердің жалпы жиналысына бекітуге шығару;
  • Орта мерзімді және қысқа мерзімді бизнес-жоспарларды (даму жоспары мен жылдық бюджетті) және оған енгізілетін кейбір өзгерістерді, соның ішінде бекітілген бизнес-жоспарларда ескерілмеген капиталды жұмсауды алдын ала мақұлдау және Акционерлердің жалпы жиналысына бекітуге шығару;
  • Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту;
  • Заңнама және (немесе) Жарғы бойынша Акционерлердің жалпы жиналысымен қабылдануы тиіс мәселелерді Акционерлердің жалпы жиналысына қарауға және шешім қабылдауға ұсыну;
  • Қоғам тіркеушісін таңдау және бұрынғы тіркеушімен арадағы келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылдау;
  • Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, Президент ұсынысымен ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің еңбекақысының мөлшері мен оны төлеу шарттарын анықтау; Аудит жөніндегі комитеттің ұсынымымен, Президент ұсыныстарын есепке ала отырып, ішкі аудиторларға сыйлықақы беру, сондай-ақ ішкі аудит қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту

Директорлар кеңесінің төрағасы мен оның рөлі

Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесі мүшелерінің арасынан акциорнерлердің жалпы жиналысымен іріктеледі. Ол «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тарапынан ұсынылған үміткерлер арасынан таңдалады.

Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесін басқаруға, оның өз жауапкершілігінің барлық жағы бойынша тиімді қызмет етуіне жауап береді, сондай-ақ акционерлермен тиімді түрде байланыс ұстап тұрады. Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесінің қызметіне директорлардың белсенді атсалысуын, соның ішінде директорлар мен атқарушы орган арасындағы қарым-қатынастың конструктивті болуын қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесінің төрағасы корпоративтік хатшымен бірге директорлардың нақты да сенімді ақпарат алуын қамтамасыз етіп, бекітілген тәртіпте отырыстың Директорлар кеңесі тарапынан бекітілетін күн тәртібін әзірлейді.

Тәуелсіз директорлар және олардың рөлі

Тәуелсіз директорлар Қоғам акционерлері мен атқарушы органдарымен арадағы қарым-қатынастың әсеріне тәуелсіз пікірлер мен пайымдардың қалыптасуына, сондай-ақ акционерлердің түрлі топтарының мүделлерін ескеретін шешімдердің қабылдануына септігін тигізеді.

Тәуелсіз директорлардың болуы Қоғамдағы корпоративтік басқарылым деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді, сол себепті «Эйр Астана» олардың рөлінің каүшейтілуіне үлкен мән береді. Мәселен, Қоғамның Директорлар кеңесінің әрекеттегі бес комитетінің барлығы да тәуелсіз директорлар тарапынан басқарылады.

Жыл сайын Директорлар кеңесінің мүшелері тәуелді болмаушылыққа қатысты тексерістен өтеді. 2017 жылғы тексеріс нәтижесінде тәуелсіз директордың екеуі де тәуелсіздік өлшемдеріне толығымен сай келіп, «Эйр Астана» компаниясының негізгі акционерлерінің мүдделерін қорғау үшін жеке ой-пікір мен көзқарасқа ие деген тұжырымға келді. Компания тәуелсіз директоры лауазымына үміткер болатын тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары келесідей:

  • Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар жөніндегі» заңына сәйкес тәуелсіз директор мәртебесіне сай болу;
  • Қоғамның негізгі қызметіне сәйкес салада жоғары білімінің болғаны абзал;
  • Қоғамның негізгі қызметіне сәйкес салада бес жылдан кем емес уақыт бойы жетекшілік қызметте болуы.

Қызметке кірістіру және дамыту

«Эйр Астана» компаниясында Директорлардың өз қызметіне кірісуі тиімдірек өтуі үшін тиісті бағдарлама жасақталды. Бұл бағдарлама жаңа директорға қысқа уақыт ішінде Компаниямен және оның негізгі активтерімен, кездесулер барысында басқару органдарының өкілдерімен танысып, корпоративтік басқарудың қалыптасқан практикасы мен нормалары, Компания мен сала ерекшеліктері туралы және Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін орындауға қажетті өзге де ақпарат алуға мүмкіндік береді.

2017 жылы Директорлар кеңесінің құрамына қызметке кірістіру рәсіміне сәйкес Ғани Битенов енгізілді.

2017 жылы Директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Тәліпұлы Байдәулетов Еуропалық іскерлік одақтың стратегиялық келіссөздер мен дау-жанжалдарды реттеу жөніндегі біліктілікті жоғарылату курстарын тәмамдады, сондай-ақ ол қазіргі уақытта Ұлыбритания Директорлар институтының халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша білім алуда.

«Эйр Астана» Директорлар кеңесінің әрекеттегі мүшелеріне барлық қажетті ақпаратты алулары және кәсіби дағдылары мен біліктілігін дамытулары үшін ең ауқымды мүмкіндіктер ұсынады.

Технологияларды енгізу

2017 жылы Компания Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізу рәсімдерінің тиімділігін арттыру мақсатында IT-шешімді кезең кезеңімен енгізу жөнінде шешім қабылдады.Осылайша, бірінші кезең шеңберінде Директорлар кеңесі мүшелерінің арасында тиімді де қауіпсіз мәлімет алмасу процесін қамтамасыз етіп, сондай-ақ оперативті де тиімді шешімдерге қол жеткізу мақсатында қолданушыларға мәліметтердің бірыңғай базасына кіруге рұқсат беретін виртуалды бөлмені құра отырып, IT-шешімді іштен жасақтау жоспарлануда.

Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 31 желтоқсанындағы құрамы

Нұржан Байдәулетов

Директорлар кеңесінің төрағасы

Алғаш рет Директорлар кеңесінің құрамына 2008 жылдың желтоқсанында сайланды.


Біліктілігі мен тәжірибесі

1986 жылы Мәскеу теміржол көлігі институтын «теміржол көлігіндегі тасымал үдерістерін басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. Отыз жылдан астам уақытты қамтитын кезеңде көлік саласында тамаша еңбек жолынан өтті. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорында 2008 жылы активтерді басқару жөніндегі бас директор, кейін басқарушы директор болғанға дейін ол жауапкершілігі жоғары түрлі қызметтерде, соның ішінде «Самұрық» Холдингі АҚ Көлік активтерін басқару жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Теміржол көлігі департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Вице-министрі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс жолдары комитетінің төрағасы лауазымында еңбек етті. Бұдан бөлек, 2012-2016 жж.аралығында ол «Қазпошта» АҚ және «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ-да Директорлар Кеңесінің төрағасы лауазымында болды.

Өзге тағайындаулар:

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2012 жылдан бері), «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өкілі (2016 ж. бері), «Qazaq Air» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы( 2017 ж.бері).

Комитеттердегі мүшеліктері:

2016 жылдың желтоқсан айынан Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет мүшесі, 2012 жылдың қазан айынан Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитет мүшесі, 2017 жылдың 31 қазанынан Қазынашылық жөніндегі комитет мүшесі.

«Эйр Астана» компаниясының жарғылық капиталында үлесі жоқ.

Ғани Битенов

Директорлар кеңесінің мүшесі

Алғаш рет Директорлар кеңесінің құрамына 2017 жылдың қаңтарында сайланды.


Біліктілігі мен тәжірибесі

Құқық докторы (Doctor of Civil Law), Макгилл Университеті (Монреаль қ., Канада); құқық магистрі (LLM), Абердин университеті (Абердин қ., Ұлыбритания); экономика магистрі (MA), Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты (Алматы қ., Қазақстан).

Халықаралық (Bracewell & Giuliani) және қазақстандық заң компанияларында басқарушы лауазымдарда қызмет етті. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мүліктік құқықтарды қорғау жөніндегі департаментін басқарды, 2013 жылдан бері – «Болашақ» консалтинг тобы» ЖШС директорының орынбасары, 2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма мүшесі, құқықтық сүйемелдеу жөніндегі басқарушы директоры.

Өзге тағайындаулар:

Шанхай халықаралық арбитраж орталығының арбитрі, Қазақстандық мұнай-газ саласы заңгерлері қауымдастығының мүшесі.

Комитеттердегі мүшеліктері:

2017 жылдың қазанынан Қазынашылық жөніндегі Комитет мүшесі, 2017 жылдың ақпанынан Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитет мүшесі.

«Эйр Астана» компаниясының жарғылық капиталында үлесі жоқ.

Дэвид Коул

Директорлар кеңесінің мүшесі

Алғаш рет Директорлар кеңесі құрамына 2013 жылдың наурызында сайланды.


Біліктілігі мен тәжірибесі

Дэвид Коул бухгалтерлік есеп саласындағы кәсіби білімін Саутгемптон Солент университетінде алды. Ол еңбек жолын Суррей графтығының Адлстоун қаласындағы Plessey Naval Systems компаниясында есепші ретінде бастаған. Ол дипломды есепші (ACMA) болып табылады және CIMA біліктілігіне ие. BAE Systems (Ұлыбритания) компаниясындағы Пайдалану жөніндегі халықаралық топта қаржы саласында бірқатар жетекшілік лауазымда болып, 2012 жылдан бері BAE Systems қаржылық директоры ретінде қызмет атқаруда.

Өзге тағайындаулар:

BAE Systems Директорлар кеңесінің зейнетақымен қамсыздандыру және MBDA Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Комитеттердегі мүшеліктері:

2015 жылдың наурызынан Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитет мүшесі, 2017 жылдың қазанынан Қазынашылық жөніндегі комитет мүшесі.

«Эйр Астана» компаниясының жарғылық капиталында үлесі жоқ.

Алан Фрэйзер

Директорлар кеңесінің мүшесі

Алғаш рет Директорлар кеңесінің құрамына 2015 жылдың қаңтар айында сайланды.


Біліктілігі мен тәжірибесі

Алан Фрэйзер Стратклайд университетін бухгалтерлік есеп пен экономика бакалавры дәрежесімен аяқтады, сертификатталған есепші болып табылады (Глазго). 1989 жылдан бері British Aerospace компаниясының қаржы директоры, 1995жылдан бері British Aerospace компаниясының Royal Ordnance Plc еншілес компаниясында қаржылық директор және стратегия жөніндегі директор лауазымында қызмет етті. 1998 жылы Heckler and Koch GmbH компаниясының басқарушы директоры болып тағайындалды. 1999-2014 жж. аралығында BAE Systems компаниясында келесі лауазымдарда қызмет етті: бірігулер мен жұтылулар жөніндегі директор, аймақтық бөлімшенің Стратегия және бизнесті дамыту жөніндегі директоры, басқарушы директор.

Өзге тағайындаулар:

Trig Avionics Limited компаниясынын аткарушы емес директоры (жалпы мақсатты авиация нарығында авионика жобалануы, жасақталуы және өндірісі), Эдинбург, Шотландия

Комитеттердегі мүшеліктері:

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет мүшесі, 2015 жылдың наурызынан Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитет мүшесі, 2017 жылдың қазанынан Қазынашылық жөніндегі комитет мүшесі.

«Эйр Астана» компаниясының жарғылық капиталында үлесі жоқ.

Дмитрий Ларионов

Тәуелсіз директор

Директорлар кеңесінің құрамына 2008 жылдың сәуір айында сайланды.


Біліктілігі мен тәжірибесі

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы жетекші маман болып табылады, Ұлыбритания Директорлар институты тарапынан берілген «Сертификатталған директор» (Cert IoD), Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығы тарапынан берілген «Корпоративтік басқару жөніндегі сертификатталған директор» (CCGD) сияқты бірқатар біліктілікке ие.

2003-2010 жж. – Қазақстан Республикасының Кәсіби есепшілер мен аудиторлар палатасы төрағасының орынбасары әрі Палата мүшесі. 2008-2010 жж. – Халықаралық есепшілер федерациясы Даму жөніндегі комитетінің мүшесі.2008-2015 жж. – «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры.

Өзге тағайындаулар:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Консультативтік кеңесінің мүшесі, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ тәуелсіз директоры, «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ тәуелсіз директоры, Дүниежүзілік банктің Корпоративтік қаржылық есептілікті реформалау жөніндегі орталығының кеңесшісі, сондай-ақ «BDO Қазақстанаудит» АҚ телекоммуникациялар жөніндегі халықаралық серіктесі.

Комитеттердегі мүшеліктері:

Аудит жөніндегі комитет, Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитет, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет және Қазынашылық жөніндегі комитетке олар құрылған күннен бастап төрағалық етіп келе жатыр, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитет мүшесі.

«Эйр Астана» компаниясының жарғылық капиталында үлесі жоқ.

Лорд Томас Александр Хескет

Тәуелсіз директор

Алғаш рет Директорлар кеңесінің құрамына 2007 жылдың қазанында сайланды.


Біліктілігі мен тәжірибесі

Лорд Хескет мемлекеттік қызметте және халықаралық бизнес саласында ұзақ жылдар бойы табысты еңбек етті. 1990 жылдан бері Ұлыбритания Сауда және индустрия департаментінің министрі. 1991-1993 жж. аралығында Патшайымның құрметті қарауылының капитаны, Парламенттің Лордтар палатасының бас партиялық ұйымдастырушысы, сондай-ақ Ұлыбританияның Жасырын кеңесінің мүшесі болды. Лорд Хескет 1994-2007 жж. аралығында British Mediterranean Airways әуекомпаниясының төрағасы, сонымен қатар 1993-2010 жж. Babcock International компаниясында Төрағаның атқарушы емес орынбасары қызметінде болды. 2004-2005 жж. Ұлыбританияның консервативтік партиясының мүшесі.

Өзге тағайындаулар:

жоқ.

Комитеттердегі мүшеліктері:

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитет төрағасы, Аудит жөніндегі комитет, Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитеттердің олар құрылған күннен бергі мүшесі .

«Эйр Астана» компаниясының жарғылық капиталында үлесі жоқ.