Этикалық нормалар

«Эйр Астана» әуекомпаниясының барлық қызметкерлері жыл сайынғы негізде міндетті түрде Іскерлік этика кодексін біліп-білмеуіне байланысты тестілеуден және онлайн-оқу бағдарламасынан өтеді. Компанияда Іскерлік этика кодексін HEART корпоративтік құндылықтарын бекіту мақсатында жаңарту мәселесі көтеріліп үлгерді. Жаңартылған Кодекс қызметкерлер күнделікті негізде тап болатын жағдаяттарда не істеу керектігі жөніндегі жалпы нұсқаулыққа айналады.

Мүдделер қайшылығын басқару

Мүдделер қайшылығы мәселелеріне қатысты Компания Жарғы, Корпоративтік басқару кодексі мен Іскерлік этика кодексін басшылыққа алады.

Компания директорлары жыл сайын мүдделер қайшылығының жоқ екендігі жөнінде хат ұсынады. Мүдделер қайшылығының ықтималдылығы жағдайында директорлар бұл жөнінде шұғыл түрде Директорлар кеңесі мен басшылықты хабардар етулері керек. 2017 жылы мүдделер қайшылығы тіркелген жоқ.

Комплаенс саласындағы саясат

2017 жылы Компания комплаенс саласындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмысқа кірісті. Бекітілуі 2018 жылға жоспарланған келесі саясат жобалары жасақталды: жемқорлыққа қарсы саясат, мүдделер қайшылығына қатысты саясат және ықтимал ереже бұзушылықтар жөнінде хабардар ету саясаты. Қыметкерлерге арналған әрекеттегі хабарлама берудің ішкі арналарынан бөлек, Компания сондай-ақ жедел желі (телефон желісі, электронды пошта мен веб-сайт) жұмысын қамтамасыз етіп, басқару үшін анонимдік шарттарын сақтай отырып, тәуелсіз сыртқы оператор тартуды жоспарлауда.

Жауапкершілікті сақтандыру

2011 жылдан бері «Эйр Астана» қызметтік міндеттерін орындау барысында Компанияның, оның директорларының және лауазымдық тұлғаларының заңсыз әрекетінің нәтижесінде үшінші тарапқа келген шығындарды өтеу бойынша шығындардың орнын толтыру жөніндегі әрекеттегі заңнамаға сәйкес Компания міндеттемелері, оның директорлары мен лауазымды тұлғаларына таралатын сақтандыру рәсімін іске асыруда. Сондай-ақ Компания, оның директорлары мен лауазымды тұлғаларына олардың өз қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты берілген кез келген қуыным нәтижесінде орын алған шығындар өтеледі.

Жергілікті сақтандыру компаниясы тәуекелдің 5 % сақтап, 95 %-н қайта сақтандыру компаниясы холдингінің, рейтингі S&P «A» деңгейінен төмен болмайтын немесе өзге рейтинг агенттіктерінің бара-бар рейтингі деңгейіндегі беделді халықаралық нарықта қайта сақтандырады. Сақтандыру мерзімі – бір жыл.