Ішкі аудит

Миссиясы мен функциялары

Қоғамның Ішкі аудит қызметі 2007 жылдың желтоқсан айында компанияның Директорлар кеңесінің шешімі негізінде құрылды.

Ішкі аудит қызметі - Қоғамдағы ішкі аудиттің ұйымдастырылып, іске асуын қамтамасыз ететін орган. Қызмет функционалды түрде Директорлар кеңесіне есеп береді. Қызметтің жұмысына оның жұмысын регламенттеуші ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес Аудит жөніндегі комитет жетекшілік етеді.

Ішкі аудит қызметінің жетекшісін тағайындау және лауазымынан босату Акционерлердің жалпы жиналысының құзіретіне жатады. Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлерін тағайындау және лауазымынан босату Директорлар кеңесінің құзіретіне жатады.

Ішкі аудит қызметінің миссиясы Директорлар кеңесі мен атқарушы органға төмендегі жүйелерді жетілдіруге бағытталған тәуелсіз әрі объективті кепілдіктер мен кеңестер беру арқылы олардың Қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуі жөніндегі міндеттерін орындауына қажетті көмегін тигізу болып табылады:

  • Тәуекелдерді басқару жүйесі;
  • Ішкі бақылау жүйесі;
  • Корпоративтік басқару жүйесі.

Ішкі аудит қызметі төмендегідей функциялар атқарады

  • Тәуекелдерді және Қоғамның корпоративтік басқарылымы, операциялық (өндірістік және қаржылық) қауіпсіздігіне ішкі бақылау жүргізу тиімділігі мен сайма-сайлығын және оның ақпараттық жүйелерін төмендегі мәселелерге қатысты бағалау:

    – қоғамның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі,

    – қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі жөніндегі ақпараттың дұрыстығы мен тұтастығы,

    – қоғам қызметі мен қабылданған бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелілігі,

    – қоғам ресурстарын пайдаланудың және Қоғам мүлкінің (активтерінің) сақталуын қамтамасыз етуде пайдаланылатын әдістердің (тәсілдердің) орындылығы мен тиімділігі.
  • Құрылған бақылау жүйелерінің заңнама талаптарына, нормативтік құжаттарға, ішкі нормативтік құжаттарға, өкілетті және қадағалаушы органдардың нұсқауларына, Қоғам органдарының шешімдеріне сәйкестігі және олардың сақталуы (комплаенс-бақылау);
  • Қоғамдағы корпоративтік бақылау жүйесін, соның ішінде корпоративтік басқарудың қабылданған қағидаттарының Қоғамның этикалық стандарттары мен құндылықтарына сәйкес енгізілуі мен сақталуын бағалау;
  • Алаяқтықтың іске асу тәуекелдері мен Қоғамдағы алаяқтық тәуекелдерін басқару тиімділігін бағалау;
  • Қоғамда тәуекелдерді бағалау әдістемесі мен Қоғамдағы тәуекелдерді басқару рәсімдерінің қолданылу ауқымы мен тиімділігін бағалау;
  • Қоғамның ақпараттық жүйелеріне аудит жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасының, халықаралық келісімдердің, Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарының сақталуын, сондай-ақ өкілетті және қадағалаушы органдардың нұсқауларын, Қоғам органдарының шешімдерінің сақталуын тексеру және осы талаптардың сақталуы мақсатында құрылған жүйелерді бағалау;
  • Директорлар кеңесіне, атқарушы органға, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне ішкі бақылауды жетілдіру, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және ішкі аудитті ұй- ымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру;
  • Жоспардан тыс тексерістер өткізу;
  • Қоғамның сыртқы аудитор ұсынымдарын орындауына мониторинг жүргізу;
  • Қызмет берген ұсынымдардың орындалуын әрі қарай бақылауды іске асыру;
  • Қызметке оның құзіреті шеңберінде жүктелген басқа да функциялар.

Өткізілген бағалаулар мен тексерістердің нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметі оның құзіреті шеңберіндегі кез келген мәселе бойынша тиісті ұсынымдар (соның ішінде әрекеттегі ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерін, қызмет жүргізу үдерістері, қағидаттары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар) мен түсініктемелер әзірлейді.

Аудит рәсімі

Қоғам қызметі Қоғамның Директорлар кеңесімен бекітілген жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес іске асады және ол ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару мен корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалаудан тұрады.

Ішкі аудиттің бүтін үдерісінің тиімділігі мен өнімділігін арттыру мақсатында “TeamMate” атты жаңа бағдарламалық жабдықтама енгізілді. Бұл бағдарламалық жабдықтама аудиторлық тапсырмаларды жоспарлау, орындау және сақтау үшін, сондай-ақ аудиторлық бақылаулар мен ұсынымдарды қадағалап отыру үшін пайдаланылады.

Қызметте Қоғамның түрлі департаменттерінен келіп түсетін сұрауларды өңдеу практикасы орын алған. Тиісті ақпарат Қоғамның ішкі сайтында жарияланған. Сұраулар ішкі бақылау жүйесі, тәуекелдерді басқару, бухгалтерлік есеп және т.б. қатысты мәселелер бойынша кеңес беруден тұрады.

Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына сәйкестікІшкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары

Бөлім қызметі ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына сәйкес келетіндігі тәуелсіз сыртқы бақылаушы «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС тарапынан 2016 жылдың сәуір айында расталды.

Бөлім жұмысына сырттай баға беру Стандарттарға (соның ішінде, сапалы сипаттамалар стандарттары мен қызмет стандарттары) және үздік халықаралық практикаға сәйкестік тұрғысынан жүргізілді.

Жарияланған есепке сәйкес Ішкі аудит қызметі ішкі аудитке қатысты 48 халықаралық кәсіби стандарт талаптарына сәйкес келеді.

Бағалау шеңберінде Ішкі аудит қызметінің үздік халықаралық практикаға қатысты жетілу деңгейі «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС әдістемесіне сәйкес «Прогрессивті» деген сипаттамаға ие болды.

Валентина Хегай

Ішкі аудит қызметінің жетекшісі

Валентина Хегай «Эйр Астана» компаниясында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді, аудит, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында әжептәуір тәжірибеге ие. Аудиторлық қызметке 1996 жылы кірісті. Оған дейін жергілікті және халықаралық компанияларда бас есепші, қаржылық директор және сыртқы аудитор лауазымында еңбек етті. Экономикалық ғылымдар кандидаты, сертификатталған ішкі аудитор (CIA және DipPIA of ICFM), Қазақстан Республикасының лицензияланған аудиторы және кәсіби есепші болып табылады. Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жетекшісі болып «Эйр Астана» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2007 жылдың 07 желтоқсанында қабылдаған шешімі негізінде тағайындалды.