Корпоративтік басқару жүйесі

Корпоративтік басқару жүйесінің негізіндегі құндылықтар

Қоғамның корпоративтік басқарылымы әділеттілік, шыншылдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік пен құзыреттілік сияқты қағидаттарға негізделген.

Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Қоғамның барлық органдарының құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қарастырады, сондай-ақ Қоғам қызметінің тиіміділігіне, активтер өсіміне және жалпы алғанда қаржылық тұрақтылық пен пайдалылықты ұстап тұруға септігін тигізеді.

Компанияны басқару корпоративтік басқару мен бақылаудың тиімді жүйесінен бөлек, директорлар мен менеджменттің жоғары кәсібилігін талап етеді. Қазіргі уақытта «Эйр Астана» компаниясында басқару органдарының арасында өзара әрекеттесу деңгейі жақсы болып келетін және келесі қағидаттар негізінде міндеттердің ара-жігі теңгерімделіп, ажыратылған тиімді корпоративтік басқару жүйесі құрылған:

  • Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
  • Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімді басқаруы
  • Қоғамның дербес қызметі қағидаты
  • Қоғамның қызметі туралы ақпаратты ашу айқындығы мен объективтілігі
  • Тиімді дивидендтік саясат
  • Тиімді кадрлық саясат
  • Қоршаған ортаны қорғау
  • Корпоративтік даулар мен мүдде дауларын реттеу саясаты
  • Жауапкершілік

«Эйр Астана» Компанияның ұзақ мерзімді тұрақты дамуы үшін өзінің корпоративтік басқару жүйесін үнемі жетілдіріп, дамыта отырып, ұдайы корпоративтік басқарудың жоғары станарттарын ұстануға тырысады.

Корпоративтік басқаруға қысқаша шолу жасау
Жетілдірулер мен 2017 жылдың жетістіктері 2018 жылға арналған жоспарлар
  • «Эйр Астана» компаниясында комплаенс-функцияларды дамыту жөніндегі жоспар құрыла бастады. Дайындық барысында Компанияның келесідей саясаттарының жобалары жасақталды: жемқорлыққа қарсы саясаты, мүдделер жанжалын реттеу саясаты, ықтимал ереже бұзушылықтар жөнінде хабар беру саясаты.
  • Қазынашылық жөніндегі комитет 2017 жылдың қазан айында Компанияның қазынашылық функцияларымен байланысты тәуекелдерді қадағалау және оларды басқару тиімділігін арттыру мақсатында құрылды.
  • Жыл ішінде комплаенс-функциялар мен жасақталған саясаттарды енгізу.
  • Тәуелсіз директорлар құрамына өзгерістер енгізу.
  • Жаңа IT шешімнің енгізілуімен Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізу үдерісінің толық автоматтандырылуына кезең-кезеңмен көшу.

Корпоративтік басқаруды бағалау

Корпоративтік басқару жүйесін бағалау практикасы алғаш рет «Эйр Астана» компаниясында 2008 жылы енгізілді. 2011 жылға дейін бағалау S&P көмегімен жүріп, оның барысында Компания жыл сайын корпоративтік басқару бойынша Қазақстандағы ең жоғары рейтингтік көрсеткішке қол жеткізіп отырды.

2013–2015 жылдары корпоративтік басқару жүйесінің халықаралық практикаға сәйкес болып-болмауына қатысты диагностиканы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (әрі қарай - Қор) тарапынан Қор компаниялар тобы үшін жасақталған әдістеме негізінде өткізе бастады. Бағалау нәтижесі бойынша «Эйр Астана» Қор компанияларының арасында жетекші орындарда болды. 2016–2017 жж. Қор әдістемесінің қайта қаралып, оның Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен жаңа корпоративтік басқару кодексіне сәйкестендірілуіне байланысты бағалау жүргізілмеді.

Компанияның корпоративтік басқарылымының құрылымы