Дивидендтік саясат

«Эйр Астана» компаниясы дивидендтік саясатын қолданыстағы ҚР заңнамасына, жарғы мен компанияның ішкі құжаттарына сәйкес жасақтады. Саясаттың мақсаты – акционерлер мен Қоғам мүдделерінің тепе-теңдігін және дивидендтердің мөлшерлері мен олардың төлену шарттарын анықтауда ашықтықты қамтамасыз ету.

Акционерлерге дивиденд төлеу шарттары:

  • Қоғамның бір жылғы таза табысының болуы
  • Дивиденд төлеміне қандай да бір шектеу болмауы
  • Қоғамның Директорлар кеңесінің дивиденд мөлшері жөніндегі ұсынымдары
  • Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі

Қоғам, акционерлердің басқа шешім қабылдаған жағдайынан басқа, Дивидендтік саясат бойынша Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес жасалған қаржылық есептілік негізінде таза кірістің 30% дивиденд төлеуге жібереді.

2017 жылдың 27 шілдесінде Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімге сәйкес пайдалылықтың теріс деңгейде болуы және Қоғамның 2016 есеп беру жылы бойынша жасалған аудиттелген қаржылық есептілігіне сәйкес салық салынудан кейінгі таза залал себебінен 2016 жыл үшін Қоғам акционерлеріне дивиденд төленген жоқ.

Қоғам қызмет етіп жатқан барлық уақыт ішінде қарапайым акциялардың өзгеріссіз қалып отырған жалпы саны 17 000 құрайды.


2012 2013 2014 2015 2016
Бір қарапайым акцияға шаққанда есептелген және төленген дивиденд мөлшері, теңге 158 504 187 496 91 930 102 525 304 785
Өткен жылдағы таза кіріс мөлшері, мың теңге 8 981 894 9 106 980 7 814 029 3 485 835 10 362 678
Дивидендтер төлемінің коэффициенті, % 30 35 20 50 50

Бір қарапайым акцияға шаққанда есептелген және төленген дивиденд мөлшері, мың теңге
Есептелген және төленген дивидендтердің жалпы көлемі, млрд теңге