Компания басшылығы

Президент

«Эйр Астана» компаниясының ағымдағы қызметіне президент басшылық етеді. Президент – Акционерлердің жалпы жиналысы мен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті Қоғамның атқарушы органының функцияларын бір өзі іске асыратын тұлға.

Заңнама мен Қоғам жарғысына сәйкес Президенттің Қоғам атынан келесідей өкілеттіктері бар және ол қызметтің төмендегідей функцияларын орындайды:

  • бизнес-жоспар мен Директорлар кеңесінің шешімдерін орындау, сондай-ақ Қоғамның бас есепшісімен бірлесіп бизнес-жоспарларды, жылдық қаржылық есептілікті, басшылықтың жыл сайынғы есептерін дайындап,оларды ұсыну;
  • шарттар, келісім-шарттар жасасып, Қоғам атынан қызметті іске асыру, сондай-ақ өзге тұлғалармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және мекемелермен (соның ішінде мемлекеттік) мәмілелер жасасу кезінде Қоғам атынан әрекет ету;
  • Қоғамға жалпы сомасы1 млн.доллардан кем немесе тең сомаға несие алуға мүмкіндік беретін қандай да бір қарыз алу немесе банк несиелерін мақұлдау;
  • Жалпы сомасы 1 млн. АҚШ долларынан (теңгедегі баламалы сома) аспайтын сома көлеміндегі Қоғам активтеріне қатысты кепілдер, ипотека, кепілзат сомасын ұстап қалу, кепілзат ауыртпалықтарын немесе өзге ауыртпалықтарды әзірлеу немесе өзгерту жөнінде мәміле бекіту және жасасу немесе өзара байланысқан мәмілелерді бекіту және жасасу;
  • Қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында Қоғамның ішкі қызметін реттеуші құжаттарды, соның ішінде өндіріс, инженерлік-техникалық қызмет көрсету, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу, бухгалтерлік есеп, коммерциялық саясат, еңбек пен жұмыспен қамтылғандық мәселелеріне қатысты бұйрықтар мен нұсқаулықтарды шығарып, бекіту және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.
Корпоративтік басқару құрылымы

Биографиялар

Питер Фостер

Президент

Питер Фостер авиация саласындағы мансабын Кэмбридж Университетін 1982 жылы бітіргеннен кейін Cathay Pacific Airways Ltd. әуе компаниясының құрылтайшысы болып табылатын John Swire and Sons (HK) компаниясында тағылымдамадан өтуші жетекші лауазымынан бастады. 1982-1999 жылдар аралығында Гонконг, Азия, Австралия мен Еуропада Cathay Pacific Airways Ltd әуекомпаниясының менеджері, содан кейін аға менеджері ретінде қызмет етті. Францияда INSEAD ұйымында іскерлік басқару бойынша білім алды. Кейін Royal Brunei Airlines әуекомпаниясында (2002-2005 жж.) бас атқарушы директор лауазымында жұмыс істеді. 2005 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті болып тағайындалды. Питер Фостердің марапаттарының арасында UK New Year’s Honours List салтанатты рәсімінде табысталған «Қазақстан Республикасындағы британдық авиация алдында сіңірген еңбегі үшін» атты Британдық империя ордені бар.

2017 жылы «Эйр Астана» акцияларына иелік еткен жоқ, олардың қатысуымен мәміле жасаған жоқ.

Алма Алигужинова

Жоспарлау жөніндегі атқарушы Директор

«Эйр Астана» әуекомпаниясында 2001 жылдан бері (оның қалыптасуының бастапқы кезеңінен бері, тіпті ұшулар орындала бастағанға дейін) әуелі корпоративтік басқару жөніндегі менеджер ретінде қызметке кірісіп, кейін корпоративтік даму жөніндегі Директор, жоспарлау жөніндегі Вице-президент, стратегиялық және коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға Вице-президент болды. Қазіргі уақытта Алма жоспарлау жөніндегі атқарушы директорінің қызметін атқаруда. Алма Шығыс Каролина Университетін (АҚШ) іскерлік басқару магистрі (МВА) және Франциядағы Тулуза бизнес мектебін әуе-ғарыш саласындағы Іскерлік басқару магистрі (МВА) дәрежесімен тәмамдады.

Ибрахим Жанлыел

Қаржы жөніндегі атқарушы Директор

«Эйр Астана» компаниясындағы қызметін 2003 жылы қаржылық директор ретінде бастады. Туризм саласындағы еңбек жолын Түркияда 1990 жылы бастады. 1998 жылы KLM Royal Dutch Airlines компаниясында Таяу Шығыс жөніндегі аймақтық менеджер ретінде қыметке кірісіп, кейін Орталық Азиядағы аймақтық менеджер ретінде еңбек етті. Соңғы 15 жыл ішінде коммерциялық және қаржылық салаларда түрлі бөлімшелерге жетекшілік етті. 2005-2007 жж. EUROBAK басқарма мүшесі болды. Мармара Университетін экономика бакалавры дәрежесімен, Босфор университетін MBA дәрежесімен тәмамдады. Ибрагим үйленген, екі қызы бар.

Джон Уэйнрайт

Инженерлік топтың аға Вице-президенті

Джон Ұлыбританияда жоғары білім алған және Бедфорд қаласында Корольдік авиациялық орталықта дайындықтан өткен. Оның 40 жылдан астам әуе кемелеріне әрі базалық, әрі желілік техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс тәжірибесі бар. Britannia Airways әуекомпаниясында 20 жылдай жұмыс істеп, Оңтүстік-Шығыс Азияға көшіп, Брунейде, Вьетнам мен Непалда Royal Brunei Airlines әуекомпаниясында қызмет етті. Брунейден Австралияға 2005 жылы көшкен кезде техникалық қызмет көрсету департаментінің басшысы болды. Джон «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы қызметін 2006 жылы бастады. Ол Еуропалық авиация қауіпсіздігі жөніндегі агенттіктің В1 және С санатындағы инженерлік-техникалық қызмет көрсету лицензиясының иегері болып табылады.

Азамат Оспанов

Қаржылық есеп жөніндегі Вице-президент, Бас есепші

Сүлеймен Демирел университетінде бухгалтерлік есеп, аудит және экономика саласында жоғары білім алды. Еңбек жолын 2003 жылы Ernst and Young компаниясында аудитор ретінде бастап, аудиторлық қызметін КПМГ компаниясында жалғастырып, авиация саласындағы аудит бойынша ауқымды тәі\\жірибе жинақтады. 2007 жылы аудит жөніндегі менеджер болып тағайындалып, 2009 жылдың сәуірінде «Эйр Астана» тобына қаржы жөніндегі аға менеджер ретінде қосылды. 2013 жылдың қаңтарында инженерлік-техникалық қамсыздандыру департаментінің қаржы және материалдық қамсыздандыру жөніндегі директоры болып тағайындалды. Авиация саласында қаржылық мәселелер бойынша үлкен тәжірибе жинақтап, 2017 жылдың сәуір айында Қаржылық есептілік жөніндегі вице-президент және бас есепші болып тағайындалды. 2017 жылы Крэнфилд менеджмент мектебінің жетекшілерге арналған ілгерілетілген даму бағдарламасы бойынша оқуын тәмамдады.

Евгения Ни

Қызметкерлерді басқару және әкімшілік мәселелер жөніндегі Вице-президент

Евгения Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдері және заң факультетін бітірген. Қызметкерлерді басқару мен менеджмент саласында бірқатар дипломдар мен сертификаттарға ие. 2002 жылдан әуекомпания Президентінің көмекшісі қызметін атқарып, қазіргі уақытта еңбекті қорғау, әкімшілік-шаруашылық, сонымен қатар компанияны көлікпен қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты болып табылатын қызметкерлерді басқару департаментіне жетекшілік етеді. Басшылық еткен жылдары ішінде қызметкерлерді іріктеудің, корпоративтік оқытудың ашық жүйесі құрылды, қызметкерлерге сыйақы төлеу және қызметтерін бағалау жүйесі енгізілді. Евгения кәсіби конференцияларға және конгрестерге сарапшы, модератор, баяндаушы ретінде ұдайы қатысады.

Энтони Реган

Өндірістік мәселелер жөніндегі атқарушы Директор

Энтони авиация саласында 35 жылдан астам тәжірибеге ие. Air Astana компаниясында 2012 жылы қызметке кіріскенге дейін Air France/KLM-ның Cityjet атты еншілес компаниясында өндірістік қызметтер атқарып, 2001 жылдан бері бас директор ретінде еңбек етіп, ол жерде барлық өндірістік функциялар үшін жауапты болды. Оған дейін CAE Parc Aviation директоры ретінде қызмет етті. Оның бастапқы еңбек жолы ирландиялық авиациялық корпус ұшқышы қызметінен басталып, кейін ол ұшулар жөніндегі бас нұсқаушы болып тағайындалып, отставкаға комендант лауазымында шықты. . EASA және FAA әуе көлігі ұшқышы лицензиясына ие. Ол математика және математикалық физика бойынша Дублин университет колледжінің түлегі болып табылады.

Герхард Коетци

Корпоративтік қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі аға Вице-президент

Герхард коммерция бакалавры дәрежесіне және Оңтүстік Африка университетінің көлік экономикасы мамандығы бойынша үздік дипломына ие. Ол түрлі ұйымдар, соның ішінде Оңтүстік Калифорния университеті тарапынан берілген (авиациялық) қауіпсіздік бағдарламасын басқару біліктілігіне ие, білікті оқыс оқиғалар тергеушісі болып табылады.

Герхард өз еңбек жолын әскери-әуе күштерінің штурманы ретінде бастап, соңғы 30 жыл бойы ұшулар қауіпсіздігі саласында белсенді қызмет атқарып келеді. Ол сондай-ақ ОАР ӘӘК ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі штаб офицері және BAE Systems компаниясының басқарушы кеңесшісі ретінде қызмет етті.

Ербол Оспанов

Үкіметтік, заңнамалық мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі аға Вице-президент

Ербол өзінің авиация саласындағы мансабын 1972 жылы Ресейдегі Краснокут ұшу мектебінде кадет офицері ретінде бастады. 1985 жылы ол Ленинград қ. Азаматтық авиация академиясының командалық факультетін тәмамдап, инженер-ұшқыш біліктілігіне ие болды. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінен заң бакалавры дәрежесін иеленді.

Ербол авиация саласында 45 жылдан аса уақыт қызмет атқарып келеді және Sheffield School of Aeronautics (Флорида, АҚШ) пен Canadian Airlines компаниясында (Ванкувер, Канада) білім алып, АҚШ (FAA ATPL) пен Канаданың (Transport Canada ATPL) әрекеттегі ұшқыш куәліктеріне ие болды.

1992 жылдан бері – Қазақстан Республикасы Президенті флотының шеф-ұшқышы. Ербол Оспанов «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы қызметін 2005 жылы бастап, қазіргі уақытта әуекомпанияда аға вице-президент қызметін ақтарып, командир-нұсқаушы ретінде «Боинг-757/767» әуе кемесінде ұшулар орындауды жалғастыруда.

Галина Умарова

Жанармай ресурстарын басқару жөніндегі Вице-президент

Галина Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетін тәмамдаған, сондай-ақ (Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие. CFA Институты тарапынан берілетін дипломды қаржылық талдаушы халықаралық кәсіби сертификаты, сондай-ақ қаржылық тәуекел-менеджері (FRM) халықаралық сертификатының иегері болып табылады. Авиация саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар.

Айдар Кашкарбаев

Заң мәселелері жөніндегі Вице-президент

Айдар әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетін бітірген, сондай-ақ Visiting Scholar бағдарламасы бойынша Оңтүстік Иллинойс Университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өтті. Заң саласындағы еңбек тәжірибесі 25 жылдан асады. Заң практикасын 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінде бастады. «Эйр Астана» компаниясына келгенше Denton Wilde Sapte заң компаниясында және KPMG консалтинг компаниясында, сонымен қатар Батыс Қазақстандағы Karachaganak Petroleum Operating B.V. мұнай компаниясында заң департаментінің менеджері ретінде қызмет атқарды. 2017 жылы Крэнфилд менеджмент мектебінің жетекшілерге арналған ілгерілетілген даму бағдарламасы бойынша оқуын тәмамдады.

Чаминдра Ленава

Ақпараттық технологиялар және электрондық бизнесті дамыту жөніндегі Вице-президент

Чаминдра «Эйр Астана» әуекомпаниясына 2009 жылдың қаңтарында қосылды. АТ саласындағы кәсіби маман болып табылатын Чаминдра үш ұлттық әуекомпанияда басқарушылық тәжірибе жинақтаған. Авиация саласына келгенге дейін зерттеу институтында электронды және телекоммуникациялық жабдықтамалар саласында жұмыс істеді. Коломбо университетін Іскерлік басқару магистрі, Лондон университетін құқық бакалавры, Моратува университетін электрондық және телекоммуникациялық инженерия саласындағы ғылымдар бакалавры дәрежесімен тәмамдаған. Бұдан бөлек, ол жобаларды басқару саласындағы сертификатталған маман (PMP, PMI-USA) және Британдық компьютерлік қоғамдастықтың ақпараттық технологиялар жөніндегі дипломды маманы болып табылады. АТ түрлі салаларындағы сертификаттардың иегері және әуебилеттерін брондау, билеттерді рәсімдеу, жөнелтілімдерді басқару және бизнес-операциялар жөніндегі жүйелердің кәсіпқой маманы болып табылады.

Белла Тормышева

Қорпоративтік коммуникациялар жөніндегі Вице-президент

Белла халықаралық қатынастар магистрі дәрежесіне ие. Жұртшылықпен байланыс және ақпараттық-мәдени қызмет саласында 20 жылдан астам тәжірибеге ие. Ол сондай-ақ Қазақстаннан тысқары өткізілген көптеген оқу тренингтеріне қатысты.

«Эйр Астана» әуекомпаниясына келгенге дейін Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Респкубликасында аккредитациядан өткен Еуропалық комиссия өкілдігінде қызмет атқарды.

Диляра Күнхожаева

Сатып алулар жөніндегі Вице-президент

Диляра ҚМЭБИ іскерлік басқару және бухгалтерлік есеп факультетін тәмамдап, менеджмент және қаржы саласына мамандандырылған іскерлік басқару бакалавры және магистрі дәрежелеріне ие болды.

Университетті бітіргеннен кейін Ernst and Young компаниясында және ҚМЭБИ-де жұмыс істеді. 2006 жылдан бері қаржы талдаушысы, басқарушылық есеп бөлімінің басшысы, директоры. Қазіргі уақытта сатып алулар жөніндегі Вице-президент болып табылады.

Рассел Эллис

Өперативтік басқару жөніндегі Вице-президент

Ұлыбританияның Ливерпуль университетінің іскерлік басқару магистрі дәрежесіне ие. Расселдің авиация саласында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 2007 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясына келмес бұрын ол ОАР-да және Таяу Шығыста әр түрлі әуекомпанияларда бірқатар басшылық қызметте болды. Ол бастапқы жұмыс тәжірибесін әскери салада жинақтап, навигатор және нұсқаушы біліктілігіне ие болды. Рассел әуекомпанияда ұшулардың орындалуына күнделікті бақылау жүргізуге және төтенше жағдайларда әрекет ету дайындығына жауапты.

Маргарет Фелан

Борттық қызмет жөніндегі Вице-президент

Маргарет Ирландияда Сауда колледжінде білім алды. Әуе индустриясында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. ЕС OPS, нұсқаушыларды басқару және дайындау жөнінде бірқатар курстардан өтті.

1995-2012 жж. аралығында Маргарет Air France/KLM компаниясының еншілес CityJet компаниясында бортсеріктер мен стандарттарды дайындау жөніндегі жетекші және борттық қызмет жөніндегі жетекші лауазымында болды. Ол «Эйр Астана» компаниясына 2013 жылы борттық қызмет жөніндегі Директор ретінде қосылып, 2016 жылдың қаңтарында борттық қызмет жөніндегі Вице-президент болып тағайыналды.

Александр Небога

Жерде қызмет көрсету жөніндегі Вице-президент

Александр Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетін бітіріп, әуекомпаниядағы қызметін 2005 жылы Жерде қызмет көрсету департаментында жерде қызмет көрсету жөніндегі агент ретінде бастады. 2010 жылға дейін Александр жоғары деңгейдегі жауапкершілікті талап ететін түрлі лауазымдарда, 2010 жылдан жетекшілік қызметтерде болды. 2013 жылдан бері әуекомпанияның Алматы қ. әуежайындағы өкілдігіне басшылық етті. 2013 жылы Ұлыбританияның Крэнфилд университетінде менеджерлерді дайындау бағдарламасы бойынша білім алды. 2016 жылдың қаңтарында әуекомпанияның жерде қызмет көрсету бөлімінің Директоры болып тағайындалды. 2017 жылдың қаңтарында жерде қызмет көрсету жөніндегі департаменттың Вице-президенті болып тағайындалды.

Aйман Тілеубаева

Желілік жоспарлау және кірістерді басқару жөніндегі Вице-президент

Айман Қазақ Ұлттық Университетін бітірді. 2017 жылы Крэнфилд менеджмент мектебінің директорларға арналған бағдарламасы бойынша оқуын тәмамдады. 1998-2003 жж. аралығында ол «Эйр Қазақстан» әуекомпаниясында қызмет атқарды. 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін коммерциялық жоспарлау жөніндегі менеджер, коммерциялық жоспарлау және кірістерді басқару жөніндегі Директор ретінде қызмет атқарып, 2013 жылдың қаңтарында «Эйр Астана» компаниясының желілік жоспарлау және кірістерді басқару жөніндегі Вице-президенті болып тағайындалды. 2018 жылдан бері коммерциялық жоспарлау жөніндегі Вице-президент болып табылады.

Айжан Омар

Басқарушылық есеп пен тәуекелдерді басқару департаментінің Вице-президенті

Айжан М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде оқып, халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша диплом алған, сондай-ақ Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын іскерлік басқару және бухгалтерлік есеп жүргізу факультетін тәмамдап, менеджмент және қаржы саласына маманданған іскерлік басқару магистрі дәрежесін алды.

Ол «Эйр Астана» әуе компаниясындағы жұмысын 2006 жылдың тамызында қаржы талдаушысы ретінде бастаған. 2012 жылдың маусымынан 2014 жылдың қаңтарына дейін басқарушылық есеп бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта ол «Эйр Астана» компаниясының басқарушылық есеп пен тәуекелдерді басқару жөніндегі вице-президенті болып табылады.

Ричард Леджер

Маркетинг пен сатулар жөніндегі Вице-президент

Ричард әуе индустриясындағы еңбек жолын 1993 жылы «Туризм және Саяхат» мамандығы бойынша Ланкастер университетін магистр дәрежесімен, сондай-ақ Лондон Университетін (UCL) «География» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен аяқтағаннан кейін бастады.

«Эйр Астана» компаниясына келгенге дейін 5 жыл бойы «Сингапур Әуежолдарында» корпоративтік сатулар саласында жұмыс істеп, кейін 2005 жылдың қаңтарында Royal Brunei Airlines әуекомпаниясының маркетинг және сатулар жөніндегі менеджері қызметіне ауысты. Ричард «Эйр Астана» әуекомпаниясына 2006 жылдың наурызында ЕО, АҚШ және Канада өңірлеріндегі аймақтық бас менеджер лауазымында қызмет атқаруға келіп, сол аймақтарда сатулар желісін құруға жауапты болды. Ричард Алматы қ. кеңсеге 2009 жылдың ақпан айында Қазақстан мен шетелдегі сатулар жөніндегі Директор қызметінде келді. 2014 жылдың қаңтар айында сатулар жөніндегі Вице-президент қызметіне тағайындалды. 2017 жылдың қаңтарында маркетинг және сатулар жөніндегі Вице-президент болып тағайындалды.

Мерғали Әлжанов

Ұшулар өндірісі жөніндегі Вице-президент

Авиация саласында 30 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келеді. Авиация саласындағы еңбек жолын Рига азаматтық авиация инженерлері институтында бастап, кейін Ақтөбе азаматтық авиация жоғарғы ұшу училищесін тәмамдады, Көкшетауда «Як-40» ұшағының ұшқышы ретінде қызмет етіп, кейін Алматы біріккен әуежасағына ауысты. Ту 154 және А 310 әуе кемелерінде капитан және ұшқыш-нұсқаушы ретінде ұшулар орындады. «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы еңбек жолын 2004 жылы «Боинг-757» ұшағының командирі ретінде бастады.