Стейкхолдерлерді хабардар ету және ақпаратты ашу

Компанияның стейкхолдерлерге хабар беру және ақпаратты ашу саласында ұстанатын негізгі қағидаттары – оны ұсыну жүйелілігі мен жеделдігі, осындай ақпараттың акционерлер мен өзге де мүдделі тараптар үшін қолжетімді болуы, оның сенімділігі мен толықтығы, ашықтық пен оның мүддесін қорғау арасында орынды теңгерімнің сақталуы.

Ақпаратты ашу кезінде Компания Қазақстан Республикасының заңнамасын ұстанады. Компания заңнама талаптарынан бөлек қосымша ақпаратты www.airastana.com корпоративтік сайтында жариялап отыру арқылы ақпараттық ашықтық деңгейін көтеріп отыруға ұмтылады. Компания қызметінің ерекшелігі мен акционерлер құрамын есепке ала отырып, ақпараттың міндетті түрде және ерікті түрде ашылуы үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ағылшын.

Жылдық есеп пен қаржылық есептіліктен бөлек Компания сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөнінде есеп басып шығарып, пресс-релиздер жариялап, елеулі фактілер жөніндегі хабарламалар, презентациялар мен қызмет нәтижесі жөнінде өзге де материалдар жариялап отырады.