Қайырымдылық

«Эйр Астана» өзі әрекет ететін қоғамдастықтарда белсенді қызмет атқарады, сол себепті Компания барлық қайырымдылық жобаларын бақылау мақсатында корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент пен сатулар мен маркетинг департаментінің төрт мүшесінен құралған Әлеуметтік инвестициялар жөніндегі комитет құрды. Ол қоғамдастықтарға пайда әкелетін және Компания қызметі мен құндылықтарына сәйкес келетін қайырымдылық ұйымдары мен қаржыландыру жобаларын анықтап, таңдау жүргізеді.

Компания көп жыл қатарынан белсенділік танытып келе жатқан салалардың бірі науқас балалар мен олармен бірге медициналық мақсатта саяхаттайтын отбасы мүшелеріне тегін әуе билеттерін ұсыну болып табылады. 2017 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы ауыр науқасқа шалдыққан балалар және олардың ата-анасы үшін құны іү млн теңге көлеміндегі 124 билет ұсынды. Бұдан бөлек «Аяла» қайырымылық қоры тарапынан өткізілген қайырымдылық жобасы шеңберінде , «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы, Астана мен Атырау қалаларындағы кассаларында енгізілген садақа есебінен 1 млн теңге жиналды. Бұл жобаның мақсаты Қазақстан инфекциялық ауруханаларында балалар жансақтау бөлімдері үшін заманауи жабдық сатып алу болып табылады. Бұл науқан 2010 жылы іске қосылғалы 13 млн теңге жиналды.

Компания 2018 жылға қайырымдылық саласында келесідей басымдықтар бекітті:

  • қайырымдылық қорларымен бірлесіп жұмыс істеу;
  • әлеуметтік демеушілік;
  • қызметкерлердің қайырымдылық жобаларына еріктілер ретінде қатысуы.
Әлеуметтік жобаларға салынатын инвестициялар, теңге
OurCompany

social
2017 жылы іске асырылған жобалар
Жоба бағыты Жоба атауы Сипаттамасы
Ардагерлерге көмек көрсету Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әуе билеттерін ұсыну 2017 жылы ұлттық әуетасымалдаушы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Қазақстан мен ТМД ішіндегі бағыттар бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 3 914 әуе билетін ұсынды.
Медицина Ауыр науқасқа шалдыққан балалар мен оларға еріп жүретін ата-анасына әуе билеттерін ұсыну 2017 жылы 124 ауыр науқасқа шалдыққан бала мен оларға еріп жүрген ата-аналарына билеттер ұсынылды.
Қазақстан инфекциялық ауруханаларының балалар жансақтау бөлімдеріне заманауи жабдық жеткізу 2017 жылы Қазақстанның инфекциялық ауруханаларының балалар жансақтау бөліміне заманауи жабдық жеткізілімін қамтамасыз етуге бағытталған «Аяла» қайырымдылық қорының қайырымдылық жобасы шеңберінде Алматы, Астана мен Атырау қалаларында орнатылған жәшіктерге тасталған садақа есебінен 1,17 миллион теңге жиналды.
Республикалық «Ақсай» балалар клиникалық ауруханасы үшін жабдық сатып алу 2017 жылы «Эйр Астана» сондай-ақ Республикалық «Ақсай» балалар клиникалық ауруханасы үшін 900 мың теңге көлеміндегі сомаға жабдық сатып алды.
Білім беру «Мейірімділік баспасөз қызметі» конкурсына қолдау көрсету «Эйр Астана» мен «Интерфакс» ақпараттық агенттігі «Аяла» қайырымдылық қорына көмек көрсету ниетімен жергілікті журналистер арасында ұйымдастырылған конкурса қолдау білдірді.
«SOS балалар ауылында» тұратын балалар үшін «Экспо-2017» көрмесіне экскурсия ұйымдастыру Балалар ұлттық әуетасымалдаушы стендінің жанына тоқтап, ұшқыш Константин Скляровпен кездесті. Балалар Компания жөніндегі фильмді көріп, түрлі көрмелергді тамашалады.
Қазақстандық студенттер мен оқытушылардың Крэнфилд университетіне баруы Жеңімпаздар Қазақстанның барлық 16 аймағынан үш күндік сынаққа қатысқан үміткерлер қатарынан таңдап алынды. Қазақстандық делегация Біріккен Корольдікте әуеғарыштық технологияларды танумен байланысты бірқатар іс-шараға қатысты.
Барлығын ашу
Барлығын жасыру
«Эйр Астана» «Мейірімділік баспасөз қызметі» атты қайырымдылық конкурсына қолдау көрсетті

«Эйр Астана» компаниясымен бұрыннан бері серіктес болып келген «Аяла» қайырымдылық қоры өзінің онжылдық мерейтойын тойлап өту шеңберінде, «Мейірімділік баспасөз қызметі» атты бірегей конкурс ұйымдастырды.

Іс-шара мақсаты

Қайырымдылық қоры тарапынан өткізілген бұл конкурстың мақсаты риясыз жақсылық жасайтын адамдардың альтруистік істері жөнінде жазатын қазақстандық журналистердің шығармашылық еңбегін мойындау болды. Ұлттық әуетасымалдаушы жеңімпаздарға Тбилиси, Санкт-Петербург, Гонконг пен Парижге орындалатын рейстерге билет түріндегі бірегей сыйлықтар жасады.

Іс-шара өткізілуі

Бүтін елден 70тен аса журналист «Қайырымдылық баспасөз қықметі» атты конкурсқа қатысты.Әділ қазы алқасы құрамына «Интерфакс» ақпараттық агенттігінен Светлана Романова, «Эйр Астана» корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Абдрахимов пен «Аяла» қайырымдылық қорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президенті Жангелді Сәрсенов кірді. Әділ қазылардың алдында әр үміткер марапатқа лайық болғанына қарамастан, тек бес қатысушыны таңдау сияқты қиын міндет тұрды.

«Бізге үміткерлерді бағалау қиынға соқты: ұсынылған барлық әңгімелер өте маңызды тақырыптарды қозғап, өзін-өзі жарнамалау немесе танымал ету мақсатында емес, өз жүрегінің қалауымен игі істер атқарған Қазақстанның жанкешті азаматтары жөнінде баяндайды», — деді Тілек Абдрахимов.

Іс-шара нәтижесі

Үшінші орынды «Экспресс К» газетінің журналисі Татьяна Аладьина иеленді. Оған Грузияға керемет саяхат жасау мүмкіндігі сыйлық ретінде бұйырды. Оралдық Аиша Киреева екінші орынға лайық деп табылып, Санкт-Петербург қаласына билет ұтып алды. Бірінші орынға берілген Гонконг қаласына апаратын әуебилетті Екібастұз қаласынан келген Дарья Жумадилова қанжығасына байлады. Конкурстың гран-при сыйлығы – Франция астанасы Париж қаласына саяхаттауға мүмкіндік беретін әуе билеті астаналық Ренат Тахкинбаевқа табысталды.

«SOS балалар ауылында» тұратын балалар үшін «Экспо-2017» көрмесіне ұйымдастырылған экскурсиялар

«Аяла» қоры бүтін Қазақстан бойынша балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін «Экспо-2017» көрмесіне бірнеше экскурсия (орта есеппен аптасына жеті бала) ұйымдастырды. Қор серіктестері, соның ішінде «Эйр Астана» жол шығындары, тұру және тамақтану шығындарын көтерді.

Іс-шара мақсаты

Бұл бастамаға қолдау көрсеткен ірі компаниялардың негізін қалаушылары мен жетекшілері осындай саяхаттардың жеткізілген тамақ немесе киімге қарағанда анағұрлым құнды деген пікірде, себебі «Экспо» тәріздес іс-шаралар адамға оның нені қаласа, соған жете алатынына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Барлық жел турбиналары, күннен қуат алатын батареялар, электромобильдер, ақылды үйлер мен «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған өзге де жобалар алғашында біреудің жай ғана арманы еді. «Экспо-2017» еліміз бен планетамызда алдағы онжылдықтарда өмір сүретін адамдарды шабыттандыруы тиіс.

Іс-шара өткізілуі

Есілдегі балалар үйінен келген балалар үшін «Экспо» көрмесіне экскурсия ұйымдастыруға, соның ішінде қазақстандық «Нұр Әлем» сферасына саяхат жасауға, өнер орталығына баруға, «Экспо» павильондарның бірінде ұйымдастырылған квестке бес сағат уақыт жұмсалды.

Балалар физика, химия мен геометриядан біраз жаңа әрі пайдалы мағлұмат алды. Сіз кинетикалық энергия жайында мыңдаған кітап оқысаңыз да, педальдар айналып жатқанда жарық беретін жарықдиодты шамдармен жабдықталған велосипедті бір рет айдап көру сізге анағұрлым көбірек мағлұмат береді. Ойын негізінде оқыту қазақстандық мектептер үшін түсініксіздеу тұжырымдама олып табылады, себебі оны қабылдауға көп инвестиция қажет, дегенмен де ол «Экспо-2017» көрмесінде жұртшылық назарына жиі ұсынылды (мәселен, көркемсурет негізін үйретіп жатқан роботтар).

Балалар ұлттық әуетасымалдаушы стендінің жанына тоқтап, ұшқыш Константин Скляровпен кездесті. Ол жас меймандарға әуеде орын алған қызық оқиғалар туралы баяндап, ұшқыш болудың ерекшеліктерін атап өтті. Одан кейін балалар Компания жөнінегі бір фильмді тамашалап, түрлі көрмелерге соғып өтті.

Іс-шара нәтижесі

Балалар компьютерлік мини-ойындар жасақтап, макет жасап, энергияның баламалы көздерін ойлап табуға тырысты немесе өздерінің болашақта ғаламшарымызды қалай көретіндіктерін көрсету мақсатында жай ғана сурет салды. Кішкентай жасампаздарға үлкен қамқорлық танытқан «Экспо» еріктілерінің арқасында әр баланың жүрегіне шектеусіз мүмкіндіктер әлеміне деген сенім дәні ұялады.

Қазақстандық студенттер мен оқытушылардың Крэнфилд университетіне сапары

«Эйр Астана» мен Әділет министрлігі, «Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Назарбаев университеті бірнеше қазақстандық студенттер мен оқытушылардың Крэнфилд университетінде өткен әуеғарыштық технологиялар жөніндегі жеті күндік семинарына қатысу бастамасын көтерді. 36 студент пен алты оқытушы қатысқан семинар Ұлыбританияда 6-13 тамыз аралығында өткізілді.

Іс-шара мақсаты

Жас дарындарға әуе-ғарыштық өнеркәсіпте өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ұсыну. Компания қызметімен байланысты салаларда академиялық зерттеулер мен мәдени айырбастар үшін тұрақты платформамен қамтамасыз ету.

Іс-шара өткізілуі

Жеңімпаздар маусым айында өткізілген үшкүндік сынақ барысында Қазақстанның барлық 16 аймағынан қатысқан үміткерлер арасынан іріктелді. Сапар шегу алдында студенттер «Экспо» көрмесіндегі Компанияның жанармай пайдалану тиімділігін арттыру мен жанармай шығысын үнемдеу үшін пайдаланылатын технологияларды көпшілік назарына ұсынған «Эйр Астана» стендіне тоқтап өтті. Курс бағдарламасы Біріккен Корольдіктегі Ұлттық атмосфера зерттеу орталығының авиациялық ғылым мен техника бөлімшесінің басшысы Гай Граттон дәрістерінен, Крэнфилд университетінің аэродинамика және авиациялық өлшеулер жөніндегі профессоры Ника Лоусонның дәрістерінен, сондай-ақ авиация саласындағы өзге де көптеген танымал оқытушылар мен мамандардың дәрістерінен қүралды.

2017 жылдың қазан айында «Эйр Астана» әуекомпаниясы мен Қазақстандағы Британдық кеңес Лондон қаласында церебральді сал ауруына шалдыққан 15 жасар Исаак Мустопуло мен теориялық физика профессоры Стивен Хокинг арасында кездесу ұйымдастырды.

Исаак Британдық кеңес пен технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік ұйымдастырған STEM атты мүмкіндігі шектеулі жандарла арналған Ұлттық инновациялар конкурсында арнайы жүлде иеленді. Бұл конкурс үшін Исаак ғарыштық аппараттар үшін энергия жасап шығару үдерісін сипаттайтын бейнеролик ұсынып, онда арманы - өзі өмір бойы үлгі тұтып келген профессор Хокингпен кездесу екенін баяндап берді. Оның арманын жүзеге асыру Астана қ.әкімі Әсет Исекешев пен «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостердің бастамасы болды.

Іс-шара нәтижесі

Компания қызметімен байланысты салада академиялық зерттеулер мен шығармашылық қызметте болашағынан үміт күттіретін студенттер іріктеліп алынды. Крэнфилд университетінің жетекші профессорлары мен Қазақстанның жас мамандары арасында жеке байланыс көпірі құрылды.