Коммерциялық қызметтің қосымша бағыттары

Компания қызметкерлерді оқыту, техникаға қызмет көрсету мен жөндеу, сатулар мен ақпараттық жүйелерді басқаруда технологияларды кең көлемде пайдаланады. Бұл кешен «Эйр Астана» бизнесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етіп, біртұтас үйлесімді ағза ретінде қызмет атқарады.

Техникалық мамандарды, сервистік бөлім мамандары мен басқарушы кадрларды даярлаудағы бірегей құзіреттіліктер Компанияға коммерциялық қызметтің қосымша бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. Сыртқы нарықта мамандандырылған білім беру бағдарламаларынан бөлек, Компанияның әуе кемелеріне қызмет көрсету және оларды жөндеуден өткізумен байланысты қызметтері сұранысқа ие. Қазақстан экономикасындағы жағымды үрдістерді есепке ала отыра, Компания қосымша коммерциялық қызметтерді дамытуды қызметінің болашақтан үміт күттіретін бағыты ретінде қарастырады.

Компания әуе кемелерінің келесі типтеріне техникалық қызмет көрсетуге рұқсат беретін сертификаттарға ие:

Airbus

  • A319/320/321 (IAE V2500)/(CFM56)
  • А320/321 NEO (PW1100G)
  • A330 (CF6-80/PW4000/RR Trent 700)

Boeing

  • В737-700/800 (CFM56)
  • B747 400/400ERF (CF6-80/RR RB211/PW4000)
  • В747-8 (GE GEnX)
  • В757-200/300 (RR RB211)
  • В767-300 (CF6-80/PW4000)

Embraer

  • ERJ-190 (GE CF34)

Әуе кемелеріне қызмет көрсету

Әуе кемелері паркінің ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету жөніндегі барлық міндеттер Компанияның өз күшімен жүзеге асады. Техникалық мамандардың жоғары біліктілігі мен Алматы, Астана мен Атырауда сертификатталған өндірістік қуаттылықтардың болуы Компанияның инженерлік-техникалық қамсыздандыру жөніндегі департаментіне халықаралық және жергілікті әуекомпанияларға қосымша техникалық қызметтер көрсетіп, техникалық мамандар үшін тренингтер өткізуге мүмкіндік береді.

Сертификаттар

IATA эксплуатациялық қауіпсіздік аудиті (IOSA)




Certificate

Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитетінің сертификаты

Certificate

Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA):
  • EASA 145 Бөлім,
  • EASA 147 Бөлім;

Certificate
Certificate

«Эйр Астана» техникалық қызметтерін пайдаланушы таңдаулы (Skytrax 4 жұлдыз және одан жоғары рейтингімен) халықаралық әуекомпаниялар

KLM
TurkishAirlines
Aeroflot
China Southern Airlines
HAINAN Airlines

Hongkong Airlines
Austrian
Asiana airlines
Lufthasa
ETIHAD Airways

Жергілікті әуекомпаниялар қатарында Kaz Air Jet, Qazaq Air, Bek Air, SCAT, Prime Aviation мен Flyjet бар.

Өзге халықаралық клиенттер арасында «Якутия», «Чешские авиалинии», Comlux, CHC Helicopter, «Россия», Vim Airlines, Kam Air, Flydubai, TAG, «Победа», S7, Cargolux мен Air Arabia компанияларын атап өтуге болады.



Сервистік оқыту

Компания «Қазақстан Темір Жолы» АҚ үшін сынып бөлмелерінде 1200-ден астам теміржол қызметкерлерінен құралған тыңдаушыларды оқытып, 60 рет коучингтік сапарға шығу мүмкіндігін ұсынды.Сондай-ақ «Беркут» әуекомпаниясының экипажын қызмет көрсету техникасына, топта жұмыс істеуге, қиын жағдаяттарды басқару мен көшбасшылыққа үйретіп, олар үшін қызмет көрсету бойынша толық нұсқаулық дайындап шығарды.

Ұшақтарға жерде қызмет көрсету

Өз флотына жерде қызмет көрсетуден бөлек, Компания өзге әуекомпанияларға әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді дамытуда. Ақтау және Павлодар әуежайларында Компанияның меншігіндегі мұздануға қарсы өңдеу машиналары бар. Бұндай қызметтер сертификатталған мамандардың шағын топтары тарапынан көрсетіледі.

Қауіпсіздік пен сервистің жоғары стандарттарын ұстап тұру үшін Компания жүйелі түрде мұздануға қарсы өңдеу қызметтеріне сыртқы және ішкі аудиттер өткізіп тұрады. 2017 жылы «Аэрофлот» әуекомпаниясы Ақтау мен Павлодарда, ал Austrian Airlines Алматыда мұздануға қарсы өңдейтін құрылғыларға DAQCP стандарты негізінде аудит өткізді. Екі аудит нәтижесінде қандай да бір сәйкессіздік анықталмады.

Компанияның техникалық мүмкіндіктері әуе кемелерінің 20-дан астам түрі үшін мұздануға қарсы өңдеу рәсімдері жөніндегі ұсынымдарды ұстануға мүмкіндік береді. 2017 жылы Scat, Bek Air, «Аэрофлот», Qazaq Air, S7 сияқты бірқатар әуекомпания мен чартерлік операторлар компаниямыздың жерде көрсететін қызметтеріне жүгінді.

Бизнес-сегментке арналған перспективалар

2018 жылы Қазақстан әуежайларындағы жерде қызмет көрсету ережелерінеҚазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі министрі м.а. 2017 ж. 31 шілдесіндегі № 516 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 ж. 24 тамызындағы №311 «Әуежайларда жерде қызмет көрсету ережелерін бекіту жөніндегі» ортақ бұйрығы. әуекомпанияларға өздеріне өз күшімен жерде қызмет көрсетуді мүмкін қылатын өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Бұдан бөлек, әуежайларда өзге жеткізушілердің (жерде көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер) жерде қызмет көрсетуіне қатысты ресми талаптар бекітілетін болады. Мұндай өзгерістер әуежайлардағы жерде көрсетілетін қызметтер нарығындағы ортаны әжептәуір өзгертіп, жерде қызмет көрсету операторларына заманауи операциялық механизмдерді енгізуге мүмкіндік беретін болады. «Эйр Астана» компаниясы, жерде көрсетілетін қызметтер нарығындағы негізгі ойыншы бола отырып, осындай қызметтерді өзге операторларға ұсынып, бизнес-ортаның жаңа жағдайлары аясында өзінің артықшылығын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.