Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат

Компанияның қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту «Эйр Астана» тұрақты дамуының ажырамас элементі болып табылады. Осыны есепке ала отырып, Компанияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы төмендегі негізгі басымдықтардан тұрады:

  • ресурстарды басқару, соның ішінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында технологияларды жасақтау және енгізу;
  • климаттың антропогендік өзгерісінің алдын алуға бағытталған шаралар жиынтығы және кез келген экологиялық залал үшін тиісті өтемақылар төлеу;
  • Компания қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне мониторинг жүргізу;
  • Қоршаған ортаның халықаралық стандарттарға сәйкес қорғалуын қамтамасыз ету.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы жалпы саясаты шеңберінде Компания атмосфераға жасалатын шығарындылар жөніндегі халықаралық стандарттардың қатал сақталуын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде тексерістер өткізіп тұрады. «Эйр Астана» әуекомпаниясы басты назарын әуе кемелері паркіне аударып,шығарындылар көлемін төмен деңгейде ұстап тұра алады: жаңа да тиімді ұшақтармен жұмыс істеуден бөлек ол барлық мүмкін болған жағдайда шығарындылар жөніндегі нормаларға сай келмейтін ескі ұшақтарды жаңарту бойынша шаралар қабылдайды.

Жас парк

«Эйр Астана» – Қазақстанда Airbus A319/320/321 тобындағы ұшақтарды пайдаланушы жалғыз әуекомпания. Жолаушыларға ұсынылатын жайлылықтың жоғары деңгейінен бөлек, бұл ұшақтар сонымен бірге өте экологиялық болып келеді және өз класында жанармайдың барынша үнемделуін, шығарындылар мен шудың барынша төмен деңгейін қамтамасыз етеді. Airbus A320NEO ұшақтары өзінен бұрынғылардан 15 % үнемдірек болып келетін Pratt & Whitney инновациялық қозғалтқыштарымен жабдықталған. Алғашқы Airbus A320NEO «Эйр Астана»компаниясына 2016 жылдың қарашасында жеткізіліп, пайдаланыла бастады. Airbus A320NEO ұшақтары ішкі рейстерде, сондай-ақ Қытай, Үндістан, Ресей, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері бағытында орындалатын халықаралық рейстерде пайдаланылатын болады.

Компания сондай-ақ өз қызметінде жанармайдың жоғары деңгейде үнемделіп, шу деңгейінің төмен болуын, жоғары деңгейдегі жайлылық пен тамаша нәтижелілікті қамтамасыз ететін инновациялық технологиялармен жабдықталған бірнеше Boeing 757-200 ұшағын пайдаланады.

Әуе кемелерінің жаңартылуы

Әуе кемелерін винглеттер (Boeing) немесе шарклеттер (Airbus) арқылы жаңарту екі артықшылықты қамтамасыз етеді: жанармайдың жоғары деңгейде үнемделуі мен аэродинамиканың жақсаруы есебінен ұшудың анағұрлым рационалды маршрутталуы.

Парниктік газдар шығарындыларын қысқарту

Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы департаменті әрекеттегі табиғатты қорғау нормаларының сақталуын қадағалап, сұйық отын пайдаланатын барлық құрылғылар – ұшақтар, дизельді электр станциялары, арнайы мақсаттағы көлік құралдары мен автомобильдердің уақтылы техникалық қызмет алуын қамтамасыз етеді. Бұл қадам парниктік газдардың шығарындыларын азайту бағытында маңызды болып келеді.

Суды су көздері бойынша пайдалану
9,4 млн л

Шығарындыларды бақылаудан бөлек, «Эйр Астана» компаниясының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары сондай-ақ екінші қайтара өңдеуден тұрады. Мәселен, Компания барлық қағаз қалдықтарды бөлек жинап, ПЭТ-бөтелкелер мен пайдаланылған батареяларды қайта өңдейді. 2017 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы қалдықтардың тағы екі түрін қайта өңдеуден өткізе бастады: металл жаңқалар мен дөңгелектер мен тежегіштерді жууға пайдаланылатын ағын сулар. Өткен жылы 130 мың литрдей ағын су Компанияның уәкілетті мердігері болып табылатын «Промтехноресурс» тарапынан кәдеге жаратылды. Өзінің қалдықтарды жинап, тапсыру рәсімдерін жетілдіре отырып, 2017 жылы Компания қайта өңделген қағаз қалдықтар көлемін өткен жылмен салыстырғанда 13 т. арттырды.

Қауіптілік класы бойынша қалдық көлемі, тонна
Қауіптілік класы 2015 2016 2017
Класс 1 (қалдықтар қауіптілігінің кәріптас тізімі) Астана: 2,191
Алматы: 6,465
Астана: 2,577
Алматы: 6,708
Астана: 3,205
Алматы: 7,969
Класс 2 (қалдықтар қауіптілігінің жасыл тізімі) Астана: 24,182
(қатты қалдықтардан бөлек)
Астана: 55,025
Алматы: 2 913

Астана: 81,657

Алматы: 2 905

Қатты қалдықтарды 2017 ж. кәдеге жарату, көму және қайта өңдеу, тонна
тонна
Қайтадан пайдалану (макулатура) 80,87
Өзге (уәкілетті мердігер тарапынан кәдеге жаратылады) Қауіпті қалдықтар
Астана: 3,340
Алматы: 9,059
Қатты қалдықтар
Астана: 81,522
Алматы: 2 904
Қатты қалдықтарды баскару
99,9 %
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жиынтық шығындар мен инвестициялар, теңге
2015 2016 2017
Жаңарту(Астана мен Алматы ққ. Мониторинг жүйелері, графиктер, контейнерлер, максималды рұқсат етілетін шығарындылар, KIOSH 1 216 237 1 127 711 1 571 034
Қалдықтарды басқару Астана: 96 059
Алматы: 20 326 478
Астана: 405 310
Алматы: 19 643 852
Астана: 624 036
Алматы: 20 116 274
Шығарындылардыарды басқару Астана: 86 000
Алматы: 458 000
Астана: 113 600
Алматы: 467 219
Астана: 121 222
Алматы: 507 013
Жалпы 22 182 774 21 757 692 22 939 579
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығыстар мен салынатын инвестициялар, теңге
2015 2016 2017
Қоршаған ортаға келетін әсерді азайтуға бағытталған шараларды іске асыруға кететін шығындар мен экологиялық менеджмент жүйелері 21 432 587 21 757 692 17 339 702
Қызметкерлерді оқыту және дайындау 151 050 353 360 173 000
Экологиялық менеджмент жүйесіне арналған сыртқы қызметтер 1 216 237 1 127 711 1 571 034
Зерттеулер мен жасақтамалар 1 065 187 325 500 681 234
Таза технологияларды енгізуге кететін қосымша шығындар ( батареяларға арналған контейнерлер) 95 491 246 400
Қоршаған ортаны басқарумен байланысты өзге де шығындар 19 000 113 19 855 630 14 668 033
Барлығы 21 432 587 21 757 692 17 339 702

Шығарындылар

Парниктік газ шығарындылары (СО2-эквиваленті), тонна
2015 2016 2017 Маңызды өзгерістердің себебі - базалық жылдағы шығарындылардың қайта есептелуіне әкеп соқтыратын шығарындылардың көлемі.
CO₂ немесе баламалы метрикалық тоннадағы парниктік газдар шығарындылары Алматы: 678,319
Астана: 730,611
Алматы: 671,468
Астана: 700,175
Алматы: 700,2149
Астана: 697,088
Алматыдағы дизельді электр станциялары Астанаға қарағанда қарқынды жұмыс істейді.
Жалпы тұтынылған энергия
Энергия түрі
2015 2016 2017
Электр қуаты, кВт 2 572 598 2 272 981 2 680 210
Жылу энергиясы, Гкал 620 600 640

Білім беру жобалары

Компания өз қызметі үшін экологиялық проблемалардың маңыздылығын ескере отырып, экологиялық тұрғыда хабардар болушылықты насихаттау үшін экологиялық жарыстар өткізіп, Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнін тойлау шеңберінде іс-шаралар ұйымдастырып, қызметкерлерді қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша оқыту жөнінде ішкі науқандар өткізіп тұрады. 2017 жылы Компания қызметкерлердің балалары үшін «Қоршаған орта: әлемге балалардың көзімен қарау» атты сурет конкурсын ұйымдастырды. Жеңіп шыққан суреттер «Эйр Астана» компаниясының 2018 ж.арналған корпоративтік үстелүсті күнтізбелерінде басып шығарылды.