Қаржылық нәтижелер

2017 жылы Компания қаржылық пайдасын қалпына келтірді. 12,82 млрд теңге көлеміндегі таза пайда 2016 жылғы 12,83 млрд теңге көлеміндегі залалмен салыстырғанда 2015 жылы теңгенің құнсыздануынан кейін орын алған жағымсыз экономикалық ахуалдан кейін экономиканың қалпына келе бастауының айқын белгісі болып табылады.

Түсім көлемі жағымды факторлар мен өндірістік көрсеткіштердің жылдам қарқынмен өсуінің нәтижесінде 2017 жылы 17,8 % өсіп, 250,22 млрд. теңгеге жетті. Жолаушы ағынының өсуі, өсімі 2017 жылы 23 % құраған халықаралық тасымалдарда бой көрсеткен жақсы нәтижелермен байланысты болды. Осындай өсімге себеп болған негізгі фактор Қытай, Үндістан, Украина, Орталық Азия мен өзге аймақтардың үлкейген ішкі нарықтарындағы халықаралық транзиттік тасымалдар еді және осы сектордағы Компания жолаушыларының саны 58 % артты. Нәтижесінде Компанияның халықаралық рейстеріндегі әрбір төртінші жолаушы транзиттік жолаушы болды. Ішкі рейстердегі жолаушы ағынының өсімі 3 % дейін баяулап, ШЖКМ) түсімінің тұрақты түрде қалпына келуімен қатар жүрді.

Түсімнің 17,8 % көлеміндегі әжептәуір өсімі ШЖКМ көрсеткішінің 6,9% көлеміндегі орташа өсімімен қатарОЖКМ көрсеткішінің 10,2 % артуына алып келіп, Компания қызметінің нәтижелерінің өзгеруіне ықпал еткен негізгі фактор болды өзгерді.

Қазақстандық валюта өз құнының 82 % жоғалтқан 2015 жылдың соңы мен 2016 жылғы тұрақсыдықпен салыстырғанда 2017 жылы теңгенің орташа айырбас бағамы 1 АҚШ долларына есептегенде 342,16 теңгеден 326 теңгегеКомпанияның 2017 ж. 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін шығарған қаржылық есептілігіндегі айырбастау бағамдарына сәйкес., яғни 4,7 % артып, салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде қалып отырды. Бұл тұрақтылық бағамдық айырмашылықтан келетін залалды 3,38 млрд теңгеге дейін 13,7 % төмендетіп (2016 ж. 3,92 млрд.теңге), қаржылық нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік берді.

Қаржылық көрсеткіштерге қысқаша шолу жасау
млрд теңге 2017 ж. 2016 ж. %
Түсім мен өзге кірістер, барлығы 250,217 212,486 +17,8 %
Операциялық шығыстар,барлығы (229,596) (199,524) +15,1 %
Операциялық пайда 20,621 12,962 +59,1 %
Операциялық пайда маржасы 8,24% 6,10% +2,14 п.к.
Тааз қаржылық кірістер/(шығыстар) (1,247) (19,964) +93,8 %
Бағамдық айырмашылықтан келетін таза кіріс/(залал) (3,380) (3,916) +13,7 %
Салық салынғанға дейінгі пайда /(залал) 15,994 (10,918) +246,5 %
Табыс салығына жұмсалған шығыс (3,176) (1,916) +65,8 %
Жыл бойынша келген пайда/(залал) 12,818 (12,834) +199,9 %
Түсім, млрд теңге
Көрсеткіштер 2017 г. 2016 г. Өзгеріс
Барлығы Жалпы түсімнен % үлесі Барлығы Жалпы түсімнен % үлесі
Жолаушы тасымалынан келген түсім 234,126 93,6 % 201,849 95,0 % +16,0 %
Жүк және пошта тасымалынан келген түсім 6,411 2,6 % 5,367 2,5 % +19,5 %
Өзге кірістер 6,916 2,8 % 5,270 2,5 % +31,2 %
Кері жалға алумен байланысты сату операциясынан келген пайда 2,764 1,1 % +100,0 %
Түсім мен өзге кірістер, барлығы 250,217 100,0 % 212,486 100,0 % +17,8 %

Соңғы жеті жыл ішінде Компанияның тасымал құрылымы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Маршруттарымыздың картасы мен кестемізді қайта құрылымдап, біз тікелей рейстерге бағдар алған, тек ішкі нарық есебінен қызмет етуші әуекомпаниядан қарқынды даму үстіндегі желілік тасымалдаушыға айналдық. 2010 жылдан бері халықаралық транзиттік тасымалдар көлемі 48 есе өссе, ел ішінен және ел ішіне орындалатын халықаралық тасымалдар көлемі 4,9 есе ұлғайды.

Ішкі және халықаралық маршруттар желісінде орындалатын транзиттік тасымалдар көлемі жалпы тасымалдың 27 % құрады. Осының нәтижесінде біз қарқынды даму үстіндегі ірі, осы кезге дейін толық игерілмеген нарықтарға шығып, ішкі нарыққа аса тәуелді болуымызды азайтуға мүмкіндік берді. Компанияның осындай өзгеріске 2015 жылғы дағдарысқа дейін ұшырағандығы оның өз нәтижелерін 2017 жылы айтарлықтай жақсартуына жол ашты.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының 2017 жылғы жолаушы тасымалының көлемі 11,8 % артып, 4,19 млн. жолаушыны құрады. Трафик өсімі көп жағдайда жолаушы ағыны 22,6 % өсіп, 2,04 млн.жолаушыны құраған халықаралық маршруттармен түсіндіріледі, ал ішкі маршруттардағы жолаушы ағыны 3,3 % өсіп, 2,15 млн. жолаушы құрады. Жолаушы тасымалынан келген жалпы түсім 234,13 млрд теңгеге дейін 16 % жоғарылады.

Компанияның шекті жолаушы-километрлермен (ШЖКМ) өлшенетін тасымаладу сыйымдылығы 6,9 % пайыздық көрсеткішке жоғарылап, 13,59 млрд км-ге жетті және оның негізгі себебі халықаралық бағытта ұшып шығатын рейстер санының артуында жатыр. Бұл нәтижелер Компанияның соңғы бірнеше жыл бойы өткізіп келген аймақтық экспансия стратегиясына сәйкес болды.

Жолаушы және жүк тасымалынан келген түсім ең жоғары қарқынмен ТМД маршруттарында дамыды (+24,6 %,125,94 млрд теңгеге дейін). Азиялық бағытта орындалатын жолаушы және жүк тасымалынан келген түсім 4,6 % (61,98 млрд теңгеге дейін) ұлғайды. Еуропалық маршруттар да екі таңбалы өсім көрсеткішіне қол жеткізді (+12,3 %, 52,61 млрд теңгеге дейін).

Халықаралық маршруттарда трафиктің өсуі және ішкі маршруттарда кірістіліктің артуы нәтижесінде ШЖКМ-ге келетін кіріс 2016 жылғы 16,7 теңгеден 10,2 % артып, 2017 жылы 18,4 теңгені құрады.

2017 жылдың желтоқсанында Компания сатылу кезінде қаржылық жал арқылы иелігінде болған Embraer E190 ұшағын сатып, оны операциялық жал шарттары бойынша қайтадан жалға алу жөніндегі операцияны іске асырды. Компания осы мәміледен әуе кемесінің әділетті құны мен оның сатылу күніндегі теңгерімдік құнының айырмашылығы ретінде есептелген, 2,764 млрд. теңге көлеміндегі таза пайданы мойындады.

Түсім мен операциялық шығыстар

Операциялық шығыстар

Компанияның операциялық шығыстары 2016 жылғы 199,5 млрд теңгеден 15,1 % артып,со 2017 жылы 229,6 млрд теңгені құрады. Дегенмен де әуекомпанияның ШЖКМ шығындар көрсеткіші саладағы ең төмен көрсеткіштердің бірі, яғни Еуропа мен Таяу Шығыста қызметтердің толық кешенін ұсынатын өзі тәріздес тасымалдаушы әуекомпаниялармен салыстырғанда шамамен 20-50 % төмен және кей ірі еуропалық лоукостерлердің көрсеткішінен төмен болып келеді. Тұтас салаға әсерін тигізетін әлемдік әуе жанармайы бағаларының шарықтауы мен ШЖКМ шығындарының артуы 2017 15,7 теңгеден 16,9 теңгеге дейін өсуіне қарамастан, «Эйр Астана» әуекомпаниясының базалық құнының төмен болуы біздің стратегиялық бәсекелестік артықшылығымыз болып қалып отыр.

2017 жылғы операциялық шығыстар

704 282
2017
Операциялық шығыстарды топтастыру
Көрсеткіштер 2017 ж. 2016 ж. Өзгеріс, %
Барлығы Операциялық шығыстарға қатысты % үлесі Барлығы Операциялық шығыстарға қатысты % үлесі
Жанармай 59,827 26,1 % 44,712 22,4 % +33,8 %
Әуежайда қызмет көрсету және навигация 33,631 14,6 % 30,763 15,4 % +9,3 %
Жолаушыларға қызмет көрсету 28,243 12,3 % 23,886 12,0 % +18,2 %
Қыметкерлерге жұмсалатын шығыстар 23,179 10,1 % 22,150 11,1 % +4,6 %
Инженерлік-техникалық қызмет көрсету 22,550 9,8 % 20,755 10,4 % +8,7 %
Әуе кемелерінің операциялық лизингіне жұмсалатын шығыстар 20,021 8,7 % 19,985 10,0 % +0,2 %
Өзгелері 42,114 18,4 % 37,273 18,7 % +13,1 %
Операциялық шығыстар, барлығы 229,596 100,0 % 199,524 100,0 % +15,1 %

Жанармай

Жанармайға кез келген әуекомпанияның операциялық шығыстарының негізгі бөлігі тиесілі болады. Нәтижесінде, жанармай бағаларының құбылмалылығы бүкіл әлемдегі әуекомпаниялардың пайдалылығына тікелей әрі айтарлықтай әсер етеді. «Эйр Астана» компаниясының жанармайға жұмсайтын шығыстары 2016 жылғы 44,7 млрд. теңгеден 2017 жылы 59,8 млрд.теңгеге дейін 33,8 % өсті.

2016 жылғы 23 % төмен болған көрсеткіштен 2017 жылы әлем бойынша мұнай бағаларының өсуі нәтижесінде 26,1 % дейін жоғарылады. 2017 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа айлық бағасы баррель үшін қаңтардағы 55,51 АҚШ долларынан желтоқсанда 64,09 АҚШ долларына дейін 15 % жоғарылады.

Бағалардың күрт өсуінен бөлек, жанармай шығыстары маршруттық желінің өсуі есебінен, сондай-ақ ұшу сағаттарының 2016 жылғы 106 993 сағаттан 114 811 сағатқа дейін 7,3 % артуы есебінен жоғарылады.

Өзге операциялық шығыстар

Компанияның операциялық шығыстарының өзге баптарына әуежайда қызмет көрсету мен навигация, жолаушыларға қызмет көрсету, қызметкерлерге кететін шығындар, әуе кемелерінің операциялық лизингіне жұмсалатын шығындар мен экипаждарға кететін шығыстар жатады. Бұл шығыстар 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда негізінен ұшулар жиілігі мен жолаушылар санының артуы есебінен 8,2 % артты.

Әуе кемелерінің операциялық лизингіне кететін теңгемен берілген шығыстар 2016 жылмен салыстырғанда болмашы ғана 0,2% артып, бұл көрсеткіш ШЖКМ мен пайда өсімінен біршама төмен болып келеді. 2017 ж. 31 желтоқсанына Компания 32 турбореактивті ұшақ, соның ішінде 9 жақынмагистральді және 23 алысмагистральді ұшақ пайдаланып келді (10 ұшақ қаржылық лизинг келісім-шарттары бойынша алынып, 22 ұшақ операциялық лизинг келісім-шарттары бойынша жалға алынды). 2017 жылы бір жаңа алысмагистральді ұшақ сатып алынды.

Қызметкерлерге жұмсалатын шығыстардың өсімі жолаушы ағынының өсімімен салыстырғанда баяуырақ болғанымен, 2017 жылы Компания қызметкерлерінің санының өсуі және жалақы мен әлеуметтік салықтардың көлемінің тиісуінше артуы есебінен 4,6 % жоғарылады. Сатуларға кеткен шығыстарға, соның ішінде комиссиялық алымдар мен брондауға кететін шығындарға жолаушы тасымалының 2016 жыл деңгейімен салыстырғанда 16 % артуы аясында операциялық шығыстардың 5,7 % тиесілі.

Өзге шығыстар, соның ішінде тозу мен амортизация, мүлік жалына кететін шығыстар, сақтандыру, салықтар мен ақпараттық технологияларға, сондай-ақ өзге қызметтерге жұмсалатын шығыстар операциялық шығыстардың, 8,3 % құрады. Барлық департаменттердегі шығыстарға қатысты дисциплинаның жоғары деңгейде болуы 2017 жылғы жоғары қаржылық көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізді.

Операциялық пайда

Жақсы қаржылық нәтижелердің, ШЖКМ көрсеткішінің жоғарылауы және басқарылатын шығындарды қатаң бақылауға алу арқасында 2017 жылы Компанияның операциялық пайдасы 59,1 % артып, 20,62 млрд теңгені құрады. Бұл өсім пайданың операциялық маржасының 2,1 пайыздық көрсеткішке артуына алып келді, ал бұл көрсеткіш бүкіл әуекомпаниялар арасындағы жалпыәлемдік орташа көрсеткіштен IATA (International Air Transport Association – Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) ұйымына мүше барлық әуекомапаниялар арасында. 4,3 % дерлік жоғары.

ШЖКМ көрсеткішінің қалпына келуінің арқасында Компанияның таза пайдасы 12,82 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы 12,83 млрд. теңге көлеміндегі залалмен салыстырғанда таңдай қақтырарлық нәтиже орны алды.

Компанияның пайыз, салық, тозу, амортизация мен жал шығыстарын есепке алғанға дейінгі пайдасы 16,5 % жоғарылап, 48,94 млрд. теңгеге жетті. EBITDAR маржасы/түсіма (19,6 %) 2016 жылғы деңгейге (19,8 %) жақын деңгейде болды.

Компанияның АҚШ долларымен берілген міндеттемелері, 2017 жыл ішінде келісім-шарттар мен кері жалға алумен байланысты сатулар бойынша міндеттемелердің азаюы және жанамалай әуе кемелерінің уақытынан кешіктіріліп жеткізілуі есебінен төмендеді. 2017 жылдың 31 желтоқсанына қаржылық жалға қатысты міндеттемелердің жалпы сомасы 106,6 млрд теңгені (өткен жылмен салыстырғанда –15,1 %) құрады. Компания 3,62 млрд теңге көлеміндегі соманы 2017 жылғы қаржылық жалдың пайыздық шығыстары ретінде мойындады.

Меншікті капитал
Млрд. теңгемен 2017 ж. 2016 г. %
Акционерлік капитал 2,502 2,502 0 %
Қосымша төленген капитал 0,049 0,049 0 %
Салықтарды алып тастағандағы хеджирлеу құралдары жөніндегі қор (23,75) (26,741) +11,2 %
Үлестірілмеген пайда 50,033 37,215 +34,4 %
Жиынтық меншікті капитал 28,834 13,024 +121,4 %

Қазақстанның ұлттық валютасы – қазақстандық теңге ( «теңге») — 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін Компанияның функционалды валютасы болды, себебі ол Компаниядағы негізгі оқиғалар мен жағдаяттардың экономикалық мәнін нақты көрсетіп келді және Компанияның жұмыс істейтін бастапқы экономикалық ортасының алғашқы функционалды валютасы болып табылады.

2017 жылдың іщінде Компания басшылығы саны артып келе жатқан халықаралық ұшуларды есепке ала отырып, Компания операцияларына барған сайын теңгеден өзге валюталардың, негізінен АҚШ долларының әсері артып келе жатқанын мәлімдей отыра, функционалды валюта көрсеткіштерін қайта бағалаудан өткізді. Нәтижесінде басшылық 2017 ж. 31 желтоқсанынан бастап (Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілік мақсатында жаңа валютаға өту күні) АҚШ доллары Компанияның функционалды валютасына айналады деген шешімге келді.

2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін Компанияның функционалды валютасы теңге болғандықтан, Компанияның қаржылық нәтижелері мен қаржылық ахуалы келесі рәсімдер арқылы жаңа функционалды валютада іске асырылу мүмкіндігіне көшірілді:

a) активтер мен міндеттемелер биржаның жабылу уақытында 2017 ж. 31 желтоқсанында АҚШ долларының қазақстандық теңгеге шаққандағы бағамы бойынша көшірілді;

ә) есеп беру кезеңіндегі кірістер мен шығыстар 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдың ішінде АҚШ долларының қазақстандық теңгеге шаққандағы орташа айырбас бағамы бойынша көшірілді;

б) қордағы хеджирлеу құралдары бойынша орын алған өзгерістер 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған орташа айырбас бағамы бойынша көшірілді;

в) нәтижесінде туындаған барлық бағамдық айырмашылықтар 2017 ж. 31 желтоқсанына дейін өзге жиынтық кіріс құрамында шетелдік валюталарды көшіру жөніндегі қорға кіреді деп мойындалды;

г) 2017 ж. 31 желтоқсанында функционалды валюта ретінде АҚШ долларына өту барысында 185,156 АҚШ доллары көлеміндегі шетелдік валюталарды көшіру жөніндегі қордың қолда бар қалдығы 2017 жылдың 31 желтоқсанында толығымен үлестірілмеген пайда есебіне көшірілді;

ғ) акционерлік капитал тарихи бағам бойынша акциялар шығарылған күнге көшірілді, ал тарихи бағам мен 2017 ж. 31 желтоқсанында жабылуы кезіндегі бағам арасындағы айырмашылық меншікті капитал құрамында өзге функционалды валютаға өту жөніндегі акционерлік капиталға жасалған қор ретінде мойындалды;

д) меншікті капиталдың өзге баптары 2017 ж. 31 желтоқсанында жабылған кезіндегі бағам бойынша қайта есептеліп, нәтижесінде пайда болған бағамдық айырмашылықтардың барлығы 2017 жылдың 31 желтоқсанында үлестірілмеген пайдаға жатқызылды;

е) салғыстырмалы мәндер ұсыну валютасы АҚШ доллары бола отырып, 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша шығарылған қаржылық есептіліктегідей болып қалды.