Операциялық қызмет нәтижелері

«Эйр Астана» әуекомпаниясының қызмет көрсету сапасының жаңартылған стандарттары мен пробелсенді маркетингтік стратегиясының арқасында 2017 жылы жүктелім коэффициенті 67 % дейін жоғарылап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12 % (2016 ж. – 3,7 млн.жолаушы) жоғары болып келетін рекордтық көрсеткіш - 4,2 млн.жолаушы тасымалдау мүмкін болды. Осындай жедел өсім соңғы рет төрт жыл бұрын, Компания әуе кемелері паркін ұлғайтып, нарықтағы ықпалын арттырған кезде байқалған болатын. 2017 жылғы біздің қызметіміздің жоғары көрсеткіштері қызмет көрсету сапасын жоғарылатудың Компания өсімі үшін әжептәуір мүмкіндік ұсынатындығының айғағы болып табылады. Компания жинақтаған орасан зор тәжірибе, даму стратегиясы мен шешім қабылдаудың тиімді үдерісі Компанияға әуе кемелері паркінің көлемін тұрақты деңгейде ұстай отырып, экономикалық өсім аса жоғары болмаған, ішкі бәсекелестік артып отырған жағдайлар аясында айтулы нәтижелерге жетуге жол ашты. Жолаушы ағынының қарқынды өсімі негізінен халықаралық жолаушылар тарапынан байқалатын сұраныстың артуымен түсіндіріледі және бұл сұраныс көрсеткішін орта мерзімді перспективадағы тұрақтылықтың қосымша факторы ретінде қарастыруға болады.

Тасымалданған жолаушылар саны, мың адам
Ішкі, халықаралық және транзиттік жолаушылар ағыны, мың адам

Жолаушылар ағынының өсуіне 2017 жылы көлемі жағынан 23% жоғарылаған халықаралық тасымалдардың жоғары көрсеткіштері түрткі болды.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының жолаушылар санының 2017 жылғы өсімі негізінен Қазақстан арқылы өтетін халықаралық транзиттік жолаушылар ағыны мен «Экспо-2017» көрмесінің өткізілуіне орай Астана бағытындағы жолаушылар сұранысымен түсіндіріледі. 2017 жылы транзиттік жолаушылардың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 58 % жоғарылады. Осы өсімге себеп болған негізгі фактор – Қытай, Үндістан, Украина, Орталық Азия мен өзге де елдердің ішкі нарығындағы халықаралық транзиттік тасымалдар.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы күнделікті негізде Новосибирск пен Екатеринбург (Ресей) қалаларына рейстер орындай бастады. Бұдан бөлек, «Эйр Астана» әуекомпаниясы Санкт-Петербург, Лондон, Үрімші мен Тегеран қалаларына орындалатын ұшулар жиілігін арттырды. 2017 жылы Компания сондай-ақ екі жаңа маршрут ашты. Олардың алғашқысы әрекеттегі Алматы-Дели маршрутын толықтырған Астана – Дели бағытында болса, екіншісі Қазақстанның солтүстік-батысын Еуропа жүрегімен байланыстыруды мүмкін қылған Орал-Франкфурт маршруты болды.

Жүк, пошта мен нормадан тыс багаж, тонна

Жүк, пошта мен нормадан тыс багаж сатуларының көлемі 20 % жоғарылады. Бұл өсім шет мемлекеттен Қазақстан қалаларына ұшып келу кезіндегі транзиттік рәсімдердің жеңілдетілуімен түсіндіріледі.

Келесі рейстердегі жолаушылар саны, мың адам
2015
2016
2017
Қонулар саны мен сағат саны
Ішкі бағыттарда орындалған жолаушы-километрлер (млн) мен жүктелім коэффициенті (%)
Халықаралық бағыттарда орындалған жолаушы-километрлер (млн) мен жүктелім коэффициенті (%)