Жеткізілімдер тізбегі

Біздің жұмысымыздың көп бөлігі 2017 жылы стандартты сипатта болып, шығындарды үнемдеу мен шұғыл келісім-шарттар жасасуға бағытталды. Бұдан бөлек біз барлық мүдделі жеткізушілер үшін «Эйр Астана» компаниясымен бизнес жүргізу тәртібін түсіндіріп, сатып алулар үдерісі жөнінде толық ақпарат пен жеткізушілер біліктілігі жөнінде алдын ала ақпарат ұсыну мақсатында ашық есік күнін өткіздік. Сонымен бірге сатып алулар саласындағы жаңа мүмкіндіктер жөнінде ақпарат беріп, бірлескен жобаларға жалпы шолу жасау үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі шақырылды. Бұл іс-шара жеткізушілер мен өзге де қатысушылар тарапынан жылы қабылданды.

Стратегиялық даму көзқарасы тұрғысынан біз «Эйр Астана» әуекомпаниясының сатып алулар үдерістеріне оң әсерін тигізетін рәсімдердегі өзгерістерді көрсету мақсатында сатып алулар жөніндегі нұсқаулықты үнемі жаңартып тұрамыз. Соңғы бес жыл ішінде ашық сауда-саттық өткізу нәтижесінде «Эйр Астана» 15% - 30% аралығында үнемдеуге қол жеткізді.

Сатып алулар жөніндегі қызметкерерді дайындау CIPS (Chartered Institute of Procurement and Supply — сатып алулар мен қамдау жөніндегі дипломды институт) біліктілігі мен өзге де тиісті курстардан тұрады.

Жеткізілімдер тізбегінің жүйесі төмендегілер негізінде әрекет етеді:

  • «Эйр Астана» сатып алуларын іске асыру ережелері;
  • Қазақстан Республикасының заңдары мен сатып алу рәсімдерін реттеуші өзге де әдістемелік материалдар, Қазақстан Республикасының басқарушы қағидаттары;
  • Компанияның бұйрықтары, нұсқаулықтары, ережелері мен техникалық талаптары.

HACCP әдістемесі өндірістік тізбектің барлық кезеңінде пайдаланылады: қоймаларда өнімді алу кезеңінен тағамды ұшаққа жеткізуге дейін.

НАССР қауіп-қатерлер мен критикалық бақылау нүктелеріне талдау жасау дегенді білдіреді. Бұл тұжырымдама өнім (тамақтану саласындағы) қауіпсіздігіне әжептәуір әсерін тигізетін қауіпті факторларды жүйелі түрде анықтау, бағалау және басқарудан құралады. Басқарудың осындай жоғары деңгейдегі тиімді әдістемесі Компанияға қауіпті өнімнің өндіріліп, сатылымға шығу тәуекелін азайта отырып, өндірістің критикалық салаларында ресурстары мен күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Тиімділіктің қол жеткізілген негізгі көрсеткіштері (ТНК):

  • «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ ережелерінің «Эйр Астана» немесе алдыңғы қатарлы практикалар пайдасына жасақталуы;
  • PRD (Performance Review and Development — қызмет және дамуға талдау жасау) тиімділікті басқару жүйесін, соның ішінде қызметкерлер мен жеткізушілердің нәтижелілігін басқару жүйесін жасақтау;
  • шығындардың үнемделуін, өнім сапасы мен қызметтерді мониторингтен өткізу және бақылау;
  • Жалпы тәуекелді азайту және жеткізілімдердің үздіксіздігін қамтамасыз ету.