Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі

Орталық Азияда үздік болу

2017 жылы «Эйр Астана» барлық стратегиялық бағыт бойынша алға қойған мақсаттарына жетті. Біз орын алған қолайлы макроэкономикалық жағдайларды өсуге деген мүмкіндік ретінде пайдаланып, жолаушы және жүк тасымалын тиісінше 12 % бен 20 % ұлғайтып, соның ішінде 2016 жылмен салыстырғанда транзиттік тасымал көлемін айтарлықтай, яғни 58 % ұлғайттық.

Success

Компания «Экспо-2017», Универсиада-2017 сияқты, жүзден астам ел қатысқан аукымды халықаралық іс-шаралардың тасымалдаушысы ретінде бой көрсетті. Бұл шаралар жолаушы айналымының өсіміне оңды әсер етіп қана қоймай, «Эйр Астана» әуекомпаниясы брендінің Орталық Азиядағы сенімді де қызмет көрсету жағынан үздік әуекомпаиялардың бірі ретінде нығаюына септігін тигізді.

2017 жылы «Эйр Астана» әуе кемелері паркін жаңартып, кеңейтуді жалғастыра түсті. 2015 жылы қол қойылған операциялық лизинг келісім-шарттарына сәйкес 11 Airbus А320/321 NEO заманауи эколайнерлерінің алғашқысы жеткізілді. Әуе кемелері паркін дамыту және жаңарту стратегиясына сәйкес 2017 жылы сондай-ақ үш Airbus А320 NEO, үш Airbus А321 NEO мен бес Embraer E2-190 ұшақтарының жеткізілімі жөніндегі келісім-шарттарға қол қойылды.

Компания қазіргі таңда Алматы мен Астана хабтарынан орындалатын 60-стан астам халықаралық және ішкі рейстерден тұратын маршруттық желісін белсенді түрде кеңейтуде. Біз Астана мен Дели, Астана мен Киев, Орал мен Франкфурт қалалары арасында жаңа маршруттарды іске қосып, халықаралық тасымалдар жөніндегі көрсеткішімізді есеп беру жылында 23 % арттырдық.

2017 жылы қабылданған маңызды шешімдер қатарында алдағы он жылға арналған жаңа стратегияны бекітуді атап өткен жөн. Осы жоспардың іске асуы нәтижесінде біз жетекші аймақтық әуекомпаниялар қатарына енгіміз келетін Еуразия нарығындағы позицияларымызды нығайтуға мүмкіндік аламыз. Ол үшін Airbus, Embraer және Boeing соңғы буын ұшақтарының есебінен паркті кеңейту жөніндегі кең ауқымды бағдарлама іске асырылатын болады. Бұдан бөлек, біз негізгі хабтарымызды дамытуды жалғастыра түсеміз. Біз 2017 жылы Астанада Орталық Азиядағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі ең үлкен орталыққа айналатын жаңа техникалық қызмет көрсету орталығының құрылысын аяқтадық.

Біз сонымен қатар қазақстандық ЖОО дарынды студенттерінің қабілеттерін шыңдауға, оларды оқытуға, іріктеу мен мансап жолын жоспарлауға айтарлықтай үлес қосудамыз. Компанияда білікті кадрларға деген жоғары сұраныс жоғары, сол себепті 2017 жылы «Арманыңды іске асыр» атты ауқымды рекрутинг жобасы іске қосылды. Компания міндеттерін шеше отырып, біз тек кадрлар жетіспеушілігінің орнын толтырып қана қоймай, қазақстандық бозбалалар мен бойжеткендерді абыройлы мамандық иесі атану үшін оқытып, өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді танытудамыз.

Ұшқыштарымызды Ab Initio бағдарламасы бойынша екі еуропалық жетекші мектепте ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес дайындаймыз. Осының барлығы бізге халықаралық жолаушыларымыздың 24 % тиесілі транзиттік тасымалдарға ерекше ден қойып, желімізді кеңейтуге бағытталған бетке алған стратегиямызды табысты түрде іске асыруға мүмкіндік береді.

«Эйр Астана» — жоғары тиімділігі клиенттерге деген бағдар алуымен, операциялық сенімділігімен, қауіпсіздігі мен шығыстарын сауатты түрде басқара білу қабілетімен анықталатын коммерциялық компания. Біз клиенттеріміздің сұрауларын алдын ала ұғынуға тырысамыз, Компанияның әрбір қызметкері мінсіз сервис көрсетуге бағдарланған. 2017 жылы Компания алтыншы мәрте қатарынан Орталық Азия мен Үндістандағы үздік компания мәртебесін растады. Біз сыйлығы авиация әлеміндегі «Оскар» іспеттес Skytrax британдық консалтинг компаниясының нұсқасы бойынша «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік борттық қызмет» номинациясындағы көш тізгінін ұстап келеміз. Оның қызмет сапасына беретін бағасы миллиондаған әуе жолаушыларына берілетін, сервистің 50 түрлі деңгей көрсеткіші есепке алынатын сауалнамаларға негізделген. Біз клиенттеріміздің тарапынан көрсетілетін үлкен қолдауды аса қатты бағалаймыз және болашақта да Компанияның сервистік қызмет көрсету деңгейін тек жетілдіруде боламыз.

Біздің танылғандығымыз – бір ұйымдасқан топ ретінде жұмыс істейтін бүтін ұйымымыздың арқасы және де мен біз алдымызда тұрған жігерлендіруші биік мақсаттарға тек бірігу арқылы ғана жете алатынымызға сенімдімін.

Құрметпен, Нұржан Байдәулетов