Стратегияға шолу

2017 жылы «Эйр Астана» Директорлар кеңесі Компанияның стратегиялық басымдықтарына сәйкес он жылдық жоспарын бекітті. Стратегия авиациялық саланың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларына сай келетін миссиясын, болашаққа деген жоспары, стратегиялық мақсаты мен Компания дамуының стратегиялық бағыттарын анықтайды.

Жаңа 10-жылдық стратегия (2017–2026 жж.) халықаралық нарықтарға бағытталған экспансияны жеделдету және Еуропа мен Азия арасындағы түйісу орталығы ретіндегі позициясын ұстап тұру, шығындарды оңтайландыру есебінен өсімге жетуге бағытталған. Компания алдағы он жылдық ішінде әуе кемелері паркінің көлемін екі есе ұлғайтып, Орталық Азияда жетекші аймақтық желілік тасымалдаушыға айналуды жоспарлауда.

Ұзақ мерзімді перспективада Компанияның әріқарайғы дамуы келесі стратегиялық бағыттарды дамыту есебінен іске асырылатын болады

Барлығын ашу
Барлығын жасыру
1. Өсім

Стратегиялық басымдықтар

Әуе кемелері паркін 32 бірліктен 64 бірлікке жеткізу және сәйкесінше тасымалдау сыйымдылығының жеткілікті мөлшерде артуы

Компания алғашқы «Airbus A321 NEO» ұшағын қабылдады. Компания жеткізілуі 2019-2020 жж.жоспарланған «Airbus A320 NEO» тобының 6 ұшағына операциялық лизинг келісім-шартына қол қойды.

Жеткізілімі 2018 ж.басталатын жаңа аймақтық 5 «Embraer E2» келесі буын ұшақтарына жасалған тапсырыс расталды (операциялық лизинг).

Транзиттік тасымалдарды қоса алғандағы (алтыншы дәрежелі әуе еркіндігі шеңберіндегі жолаушы ағыны) жолаушы ағынының артуы

Жолаушылардың жалпы саны 12 %, яғни шашамен 0,5 млн. адамға артып, алғаш рет бір жыл ішінде 4 млн.-дық көрсеткіштен асып түсті.

Шекті жолаушы-километрлермен өлшенетін Компанияның тасымалдау сыйымдылығы негізінен халыықаралық бағыттардың санының артуы есебінен 13,59 млрд ШЖКМ-ге дейін 6,9 % өсті. Алтыншы әуе еркіндігі шеңберіндегі жолаушы ағыны өткен жылмен салыстырғанда 58 % өсті.

Қазіргі уақытта Новосибирск пен Екатеринбург қалаларына күнделікті негізде ұшулар орындалады.

Бангкок, Бейжің, Дубай, Ыстамбұл, Лондон, Мәскеу, Омбы, Сеул, Санкт-Петербург, Ташкент, Тбилиси мен Үрімші қалаларына орындалатын рейстер жиілігі арттырылды.

Желіні кеңейту

Компания үш жаңа маршрут ашты: Астана – Дели, Астана – Киев, Орал – Франкфурт, олардың екеуі Астана әуежайынан іске асырылады.

Ұшулар жиілігі басым көпшілігі Астанадан ұшып шығатын 25 маршрут бойынша жалпы алғанда 27 % арттырылды.

«Эйр Астана» «ЭКСПО-2017» және Универсиада сияқты екі үлкен халықаралық іс-шараны жарнамалап, танымалдылығын арттыру бағытында қызмет етіп, соның арқасында Компания өз брендін оңтайлы жағдайлар аясындағы ішкі нарықта ғана емес, ауқымы анағұрлым кең халықаралық аудитория арасында да алға жылжытуға керемет мүмкіндікке ие болды.

2. Жерде қызмет көрсету мүмкіндіктері

Стратегиялық басымдықтар

Негізгі басымдықты Астана қ. әуежай өсіміне бере отырып, әуекомпанияның Астана мен Алматы қ. ірі түйіндік әуежайларын дамытуды жалғастыру

Астана әуежайында жаңа терминал ашылып, нәтижесінде ол Орталық Азиядағы өткізу сыйымдылығы жылына 8.2 млн.жолаушыға жететін, ауданы 47 000 ш.м.болып табылатын ең ірі әуежайға айналды.

2017 жылдың қазан айынан ішкі рейстердің жолаушылары үшін «Шаңырақ» бизнес-класс күту залы ашылды.

Әуекомпанияның инженерлік қуаттылықтарын дамыту және Астана қаласындағы техникалық орталық құрылысы

2017 жылы Астана қ. әуежайында іске қосылуы 2018 жылдың алғашқы ширегінде деп күтілетін жеке техникалық орталық құрылысы аяқталды.

3. Клиентке бағдар алу

Стратегиялық басымдықтар

В салоне
Борттық қызмет көрсету

16 ұшақ ішкі және халықаралық рейстердегі жолаушыларға борттағы ойын-сауықтың кең таңдауын ұсынған RAVE IFE (стримингтік беріліс мүмкіндігі) жүйелерімен жабдықталды.

Уш «Боинг-767» ұшағында «Борттағы инернет» қызметі іске қосылды.

Көрпелер мен жамылғылардың, бас сүйегіштер мен жастық тыстардың дәстүрлі ұлттық элементтер енгізілген жаңа дизайны іске қосылды.

4. Қызметкерлерді дамыту

Стратегиялық басымдықтар

Жас дарынды мамандар тарту үшін тартымды бренд қалыптастыру

«Эйр Астана» бүтін ел бойынша жаңа қызметкерлер іздеу, тарту мен оқытуға бағытталған «Арманыңды іске асыр» атты науқанын іске қосты.

Қызметкерлерді бағалау мен олардың дағдыларын дамыту үшін қызметкерлерді аттестациядан өткізу рәсімдерін жетілдіру

2008 жылы Ab-Initio алғашқы рет іске қосылғанда оқи бастаған сегіз ұшқыш капитан лауазымына дейін жоғарылады.

Корпоративтік мәдениетті жетілдіру мен жоғары кәсіби стандарттарды енгізу

Қызметкерлердің дағдылары мен білімін дамытуға бағытталған Компания саясатына сәйкес «Эйр Астана» корпоративтік оқыту бағдарламаларын, соның ішінде кіріспе тренингтер мен нұсқамалықтарды сондай-ақ басшылық құрамға арналған семинарларды өткізуін жалғастырды.

Компания үздік халықаралық стандарттарға сай болу үшін «Эйр Астана» ұшқыштарына қажетті нақты құзіреттіліктер мен дағдыларды анықтады.

Тиімділікті бағалаудың жаңа рәсімдері жасақталды.

Компанияда корпоративтік дайындық академисы құрылды және ол бүкіл әлем бойынша авиация саласындағы мамандарды, соның ішінде ұшқыштар, бортсеріктер, инженерлер мен азаматтық авиация саласындағы өзге де мамандарды EASA стандарттарына сай деңгейде дайындайды.

5. Инновациялар мен технологиялар

Стратегиялық басымдықтар

Ақпараттық технологиялар көзқарасы тұрғысынан аймақтағы үздік әуекомпания ретіндегі эволюция

«Эйр Астана» «Боинг-767» әуе кемелері паркіне теңдесі жоқ жылдамдық, сенімділік пен тұрақтылық ұсынатын кеңжолақты интернет желісіне қосылуды мүмкін қылатын Rockwell Collins / Inmarsat GX Aviation жүйесін орнатты.

Компанияның 16 ұшағында IFE модификацияланған стримингтік жүйесі орнатылды (қазіргі уақытта бұл жүйе «Эйр Астана» әуекомпаниясының 22 ұшағында орнатылған).

Қызметкерлерді басқару үерістері автоматтандырылды ( соның ішінде КСАрр қосымшасы, оқытуды басқарудың жаңа жүйесі, жаңа электронды мәліметтер базасы, қызметтік аттестация жүйесі және т.б.).

Астана мен Алматыдан ұшып шығатын барлық (соның ішінде халықаралық) рейстер үшін) мобильдік отырғызу талоны қызметі іске қосылды.

Компанияның сатулар технологиясын дамыту

2017 жылы сандық сатулар көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 29 % өсіп, қазіргі уақытта бүтін желі бойынша іске асатын жолаушы тасымалы сатуларының 12 % құрап отыр. Мұндай өсім вебсайтты қолдану қолайлылығын арттыру, жарнама, үлестес бағдарламалар мен клиенттердің сатып алу әдеттерінің үйлесуі нәтижесінде мүмкін болды.

«Эйр Астана» корпоративтік сайтының көптеген модульдері , соның ішінде Nomad Club жетілдірілді.

Қалаған орынды сатып алу қызметі (MySeat) бірнеше арна бойынша іске асты: «Эйр Астана» әуекомпаниясының кассалары,тіркеу бағандары, онлайн- және туристік агенттіктер арқылы іске асты.

Тұрақты клиенттерді сыйақылау жүйесі қызмет көрсетуді жетілдіруге мүмкіндік беретін заманауи платформа деңгейіне дейін жаңартылды.

Перспективалар

Қазақстан экономикасы 2017 жылы жандана бастады және оның негізгі себебі мұнай секторындағы ойлағаннан анағұрлым жоғары нәтижелер мен әлемдік мұнай бағаларының қалпына келуінде жатыр. Бұл, өз кезегінде, дағдарыс кезінен әлсірей бастаған ұлттық валюта – теңгеге оң әсерін тигізді.

Осындай үміт күттіретін макроэкономикалық жағдайлар аясында Компаниядағы жолаушылар ағыны 2017 жылы өткен жылмен салыстырғанда 12 % жоғарылады. Компания есеп беру жылының ішінде барлық стратегиялық басым бағыттар бойынша біршама ілгерілеп, шығындарды азайтып, қызметтің барлық бағыттары бойынша операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған бірқатар бастама енгізді. 2018 жылы аймақтардың көпшілігінде экономикалық өсім тұрақты болған жағдайда авиациялық сала ең жоғарғы немесе ең жоғарғы дерлік деңгейдегі қуаттылықпен жұмыс істеп, жанармайға жұмсалатын шығыстармен, әуежай қызметтеріне жұмсалатын, қызметкерлерге жұмсалатын және өзге де шығыстармен байланысты шығындар қысым көреді деген болжам бар. Осы себеппен жақын болашақта «Эйр Астана» әуекомпаниясының негізгі міндетіне жоғары сапа стандарттарын ұстап тұрып, шығыстарды бақылау айналады.

2017 жылы «Эйр Астана» бизнес-үдерістерді жетілдіру мен Компания шығындарын оңтайландыруға бағытталған түрлі жобаларды іске асыра бастады.