Жоғары Баға

Шығын көлемін төмен деңгейде ұстап тұрып, жоғары деңгейде қызмет көрсетуіміз — біздің қазіргі таңдағы және болашақтағы бәсекелестік артықшылығымыз.

Қалтадағы
саяхат

Біздің корпоративтік веб-сайтымыз клиенттермен коммуникация орнатудағы негізгі арналарымыздың бірі және Қазақстандағы электрондық коммерцияның ең ірі платформасы болып табылады.

Веб-сайт онлайн-брондау мен тіркеу, әуе рейстері жөніндегі ақпарат, брондауды тіркеу мен т.б. сияқты қызметтердің кең ауқымын ұсынады.

Кең функционалды мобильді қосымшамыз — саяхатшының қалта көмекшісі.

Компания жөнінде

MySeat қызметі

Қалаған орындардың сатылуы бірден бірнеше арна бойынша іске аса бастады: «Эйр Астана» әуекомпаниясының кассалары, тіркеу тағандары, онлайн-брондау мен турагенттіктер арқылы. Бұл — клиенттерімізге қосымша қызметтер ұсыну жөніндегі ірі жобалардың бірі. Жиі ұшатын жолаушыларды көтермелеу жүйесі заманауи технологиялық платформаға көшіріліп, енді қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. Қосымша ағымдағы сұраныстан озатын ұсыныстарды құрамдап, Nomad Club мүшелері үшін ең өзекті жаңартуларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Стратегиялық есеп

Борттағы
ойын-сауық

Біз осы уақытқа дейін 16 ұшақты инновациялық ағындық құрылғымен жабдықтап, ішкі және халықаралық жолаушыларға ұшу барысында ойын-сауықтың кең таңдауын ұсыну мүмкіндігіне ие болғанымызды қуана хабарлаймыз. Енді ең қысқа деген саяхат та сізді жалықтырмайтын болады. Жолаушыларымызға фильмдер, электронды кітаптар мен музыканың кең таңдауы қолжетімді. Жаңа релиздердің барлығы ағылшын тілінде орыс тіліндегі дубляжбен қолжетімді. Бұдан бөлек, корей тіліндегі дубляж қосылып, 2018 жылдың наруыз айынан мультимедиялық кітапхананың барлық материалдары қытай тілінде дубляж жасалған күйінде қолжетімді болады. Фонотека қытай, корей және үнді музыкасы есебінен кеңейтілді.

Басшылық есебі

Кішкентай
қонақтарымыз

Біз ұшу барысында Little Prince және National Geographic атты таңғажайып жол жиынтықтарын, балаларға арналған арнайы ойын-сауық бағдарламасын, салауатты балалар тағамын, борттық кітахана мен ойыншықтары бар қорап ұсынамыз. Кішкентай жолаушыларымыз үшін сондай-ақ ерекше дизайнды, балаларға арналған арнайы құлаққаптар қолданысқа енгізілді, себебі бизнес-класс салонында пайдаланылатын құлаққаптар балалар үшін ыңғайсыз болып келеді.

Корпоративтік басқару