Нарыққа шолу

Халықаралық әуе тасымалдарының жаһандық нарығы

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (International Air Transport Association, IATA) мәліметтеріне сәйкес 2017 жылы жаһандық жолаушылар тасымалы 7,6 % өскен. Бұл көрсеткіш соңғы он жыл ішіндегі 5,5 % көлеміндегі орташа жылдық өсу қарқынынан айтарлықтай үлкен. Бүтін 2017 жыл ішінде тасымалдау сыйымдылығы 6,3 % артып, жүктелім коэффициенті 0,9 пайыздық көрсеткішке өсіп, 81,4 % көлеміндегі рекордтық көрсеткішке жетті.

Халықаралық жолаушы нарықтары

Халықаралық жолаушы тасымалдары 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 7,9 % өсті. Тасымалдау сыйымдылығы 6,4 %-ға артса, жүктелім коэффициенті 80,6 % дейін өсті.

Нарықтың жыл ішінде айтарлықтай құбылғанына қарамастан, ішкі маршруттар бойынша ОЖКМ (орындалған жолаушы-километрлер) көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 7,0 % артты. Сөйте тұра барлық аймақтарда, әсіресе Азия-Тынық мұхит аймағы мен Латын Америкасында халықаралық тасымалдарға деген сұраныстың артуы байқалды. Азия-Тынық мұхит аймағында тасымалдарға деген сұраныс жыл ішінде 9,4 % артты және оның себебі тұрақты аймақтық экономикалық экспансиямен, саяхатшылар үшін маршрут таңдау мүмкіндігінің артуымен түсіндіріледі. Алғаш рет 1994 жылдан бастап Азия-Тынық мұхит аймағы жылдық өсу қарқыны бойынша көш бастап келді. Тасымалдау сыйымдылығы 7,9 % артса, жүктелім коэффициенті 1,1 пайыздық көрсеткішке өсіп, 79,6 % құрады.

Еуропалық тасымалдаушылардың халықаралық тасымалдары көрсеткіші 2017 жылы 8,2 % артты және оның себебі аймақтағы оңтайлы экономикалық жағдай болды. Тасымалдау сыйымдылығы 6,1 % артса, жүктелім коэффициенті 1,6 пайыздық көрсеткішке өсіп, 84,4 % құрап, барлық аймақ бойынша ең жоғары көрсеткішке айналды. Таяу Шығыс бүтін 2017 жыл бойынша халықаралық бағыттардағы ОЖКМ көрсеткішінің төмендеуінің куәсі болған жалғыз аймақ болды (2016 жылғы 11,5 % көрсеткішімен салыстырғанда 6,6 % дейінгі көрсеткіш). Жылдың алғашқы жартысы аймақта орналасқан әуекомпаниялар үшін күрделі болды, дегенмен халықаралық бағыттарда орындалған жолаушы-километрлер көрсеткішінің динамикасы маусым бойынша қарастырғанда жылдың екінші жартысында болмашы дәрежеде қалпына келгендігін атап өткен жөн.

Қазақстан экономикасы

Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылы мемлекет ЖІӨ 4 % өскен. Қазақстанның инвестициялық тұрғыдан өсіп келе жатқан тартымдылығы тұрақты экономикалық өсімнің негігі факторларының бірі болып табылады. 2017 жылы капитал салымдарының көлемі негізінен 20,5 % өсім көрсеткен компаниялардың жеке ақша ағындарының есебінен үш есе дерлік артты. Инвестициялық қызмет сондай-ақ «Нұрлы жол» вокзалының құрылысы, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы, Индустрияландыру бағдарламасы, сонымен бірге «Агробизнес-2020» ұлттық бағдарламасы сияқты Үкімет тарапынан қаржыландырыёлатын бағдарламалар шеңберінде инновациялық өнеркәсіптік жобалар мен инфрақұрылымдық бастамаларды енгізу есебінен кеңейді.

Инфляцияның жылдық деңгейі 2016 жылғы 8,5 % көрсеткішінен 7,3 % дейін төмендеп, 6–8 % аралығында қалып, Ұлттық Банк бекіткен мақсаттық деңгейге сай болды. Қазақстанның сыртқы сауда деңгейі 25,1 % артса, экспорт 31,6 %, ал импорт 15,8 % жоғарылады.

Астанада өткізілген «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі экспортқа бағдарланған салаларға орасан зор серпін беріп, нәтижесінде олар тауар айналымын өсірді.

Қазақстан әуе тасымалдары нарығы

Көлік секторына ел ЖІӨ 8 % келеді. 2017 жылы Қазақстан экономикасы 4 % артып, оған көп мөлшерде жылдық өсу қарқыны 4,8 % құраған көлік саласының өсімі себеп болды.

Қазақстанның авиациялық нарығы күрелі экономикалық ахуалдар баяулауына себеп болған 2014 жылға дейінгі соңғы бірнеше жыл ішінде жылдам қарқынмен өсіп келді. Тарихқа үңілсек, авиациялық нарықта – ішкі бағыттарда да, шет елге шығатын халықаралық бағыттарда да үнемі жергілікті жолаушылар сан жағынан басым болды. 2016 жылы Қазақстан нарығы транзиттік тасымалдардың жоғары қарқынмен өсуі болмағанда баяулап қалушы еді. Соңғы жылдары Қазақстанға сырттан келуші туристер саны өте төмен бастапқы деңгейінен көтеріле бастады, себебі Қазақстан туристік бағыт ретінде дами бастады.

2017 жылы жолаушылар айналымы 23 % өсіп, бұл көрсеткіш соңғы 25 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болды. Елге сырттан келушілер саны 2017 жылы тағы да артып, Астана қаласында маусым мен қыркүйек аралығында өткізілген «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде күрт жоғарылады.

Астана әуежайындағы жолаушы ағыны 2017 жылы 20 % пайыздық көрсеткішке артып, 4 млн. жолаушыдан асты. Әуежайдың жолаушы ағынының өсіміне әрі жаз айларында «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуі, әрі Компаниямыздың жұмсаған күшінің арқасында көлемі 30% артқан транзиттік тасымалдар себеп болды. 24 % көлеміндегі өсім деңгейін жүк тасымалдары да көрсетті. 2020 жылға қарай жолаушы ағыны 35 %, ал транзиттік тасымалдар мен жүк айналымы сәйкесінше 2,5 есе және 2 есе артады деп күтілуде.

Бәсекелестік орта

«Эйр Астана» компаниясы қазіргі таңда Қазақстан Республикасының 2017 жылы жалпы тасымалданған жолаушылар саны 4,2 млн.болып табылатын ең ірі тасымалдаушысы болып табылады.

SCAT әуекомпаниясы 2017 жылы 1,7 млн жолаушы тасымалдаса, 2016 жылы 1,3 млн. жолаушы тасымалдаған. IATA мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда көлемі жағынан үшінші әуекомпания болып 2017 жылы 1 млн.жолаушыға жетер-жетпес көлемде адам тасымалдаған «Bek Air» жеке компаниясы табылады. Төртінші орында тасымалдау көлемі 250 мың адамнан сәл асатын, турбовинттік ұшақтар пайдаланатын Qazaq Air мемлекеттік әуекомпаниясы келеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі авиация нарығында шетелдік әуекомпанияларға бизнестің дамуына қажетті мүмкіндіктер ұсынатын либералды саясат жүргізуде. Бұл саясат жаңа қатысушылар үшін де елдің әуе тасымалдары нарығына шығу үшін тосқауыл қоймайды.

Ішкі нарықтағы үлес, %
Халықаралық нарықтағы үлес, %

2017 жылы қазақстандық нарықта «Аэрофлот», Fly Dubai, Turkish Airlines және т.б. қоса алғанда 27 шетелдік әуекомпания қызмет етті. 2017 жылы нарықтың жаңа қатысушылары ретінде: Air China, Finnair, LOT және Wizz Air (OAG) компаниялары бой көрсетті.


Airport

Біздің сенімді өсім

Біздің сенімді өсім

«Эйр Астана» компаниясының жиынтық жолаушы ағынының жартысы дерлік бұрынғысынша ішкі нарыққа тиесілі. Компания сондай-ақ 2026 жылға қарай әуе кемелері паркінің ұлғаюына байланысты халықаралық нарықты дамытуға күш-жігерін жұмылдыруды жалғастыра түседі.

Шығындардың төмен болуы мен тұрақты қаржылық жағдайы Компанияға нарықта тиімді түрде бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.

Халықаралық транзиттік жолаушы ағыны (мың адам)

2014 жылдан бергі кезең ішінде Компания транзиттік жолаушы ағынының жыл сайынғы өсімі қос таңбалы сан арқылы көрініс тапты. Транзиттік тасымалдар 50 % астам пайыздық көрсеткішке жоғарылап, жалпы алғанда жолаушы ағынының 12 % өсуіне түрткі болып, енді халықаралық тасымалдардың 24 % құрап отыр.

2017 жыл бойынша әуекомпания кірісі 24 % жоғарылап, 767,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өсім негізінен халықаралық бағыттардағы транзиттік жолаушы ағынының ұлғаюымен түсіндіріледі. Біздің жаһандық желімізді кеңейтуге бағытталған талпынысымыдың айғағы болып табылатын транзиттік тасымалдар, Қазақстанның Қытай мен Еуропа, соның ішінде Ресей арасындағы жолаушы ағынының түйісу нүктесі ретіндегі ыңғайлы географиялық орнын есепке алғанда, ең жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан сегмент болып табылады.

Қазақстанның транзиттік әлеуетіне ден қою

2017 жылы Air China әуекомпаниясының рейстері мен «Эйр Астана» компаниясының қосымша рейстері іске қосылған соң қазақстандық-қытайлық нарықтағы әлеует рекордтық көрсеткішке жетті. Компания 2018 жылы Гонконгқа орындалатын рейстердегі тасымалдау сыйымдылығын арттырып, жақын болашақта Қытайға жаңа бағыттар ашуды жоспарлауда. Қазақстан мен Қытай арасындағы аймақтық жолаушы ағыны туристік саладағы төмен база әсері мен іскери қарым-қатынастардың дамуының есебінен артуда.

CAPA Авиация орталығының мәліметтеріне сәйкес 2017 жылдың қазан айында апта сайын Қазақстаннан Қытайға жол тартқан 40 маршрут пен 6 мыңнан астам жолаушы тіркелген. «Эйр Астана» компаниясы бес маршрутта 24 рейс орындап, жалпы тасымалдау сыйымдылығының 60 % үлесіне ие бола тұра,нарықта көш бастап келеді.

Қытайдың батысында қазақстандық шекарадан 500 км.-ге жетер-жетпес ара қашықтықта орналасқан Үрімші қаласы ортаазиялық халықтардың ірі қауымдастығының мекеніне айналуы себебінен жеткілікті мөлшерде этникалық саяхатшылардан құралған жолаушы ағынын қамтамасыз етіп отыр. Үрімші мен Алматы арасындағы қашықтық бір мың км. жетпейді, ал екі қала арасына пойызбен немесе автобуспен жол жүруге шамамен 24 сағат уақыт кетеді. Компания сондай-ақ Үрімші қаласынан/қаласына транзиттік тасымалдар орындайды.

Орталық Азияның өзге елдерімен арадағы тоғысушы рейстер , тұрақты этникалық байланыстарды есепке ала тұра, үлкен сұранысқа ие, сөйте тұра Үрімшіні өзінің хабы ретінде пайдаланатын China Southern әуекомпаниясымен арада бәсекелестік байқалады.

Бейжіңде «Эйр Астана» сондай-ақ алтыншы әуе еркіндігі шеңберіндегі транзиттік жолаушы ағынына сенім артады, сонымен бірге осы бағытты дамытуда Еуропа мен Ресей арасындағы байланыстарға ерекше назар аударылады. Қытай мен Қазақстан іскерлік сапарлардың әжептәуір өсіміне әкелетін кономикалық байланыстарды нығайтулары керек, ал туризмге ден қою екі бағыттағы жолаушылар санының артуына түрткі болуы мүмкін.

Airport

«Эйр Астана» Gulf компаниясымен салыстырғанда Қытай мен Еуропа арасында анағұрлым жылдам әуе байланысын ұсынады, ал өзіндік құнынынң төмен болуы Компанияға бәсекеге қабілетті бағаның қалыптасуын қамтамасыз етіп, Еуропадан Қытайға және кері бағытта транзит арқылы өту кезінде бір рет аялдауға дайын жолаушыларды тартуға мүмкіндік береді. Бұл артықшылықтар әуе кеңістігінің алтыншы еркіндігі сегментінде жолаушылар ағынының өсуі үшін әжептәуір мүмкіндіктерге жол ашады.

Соңғы төрт жыл ішінде Компания Астана әуежайын транзиттік түйіндік әуежай ретінде дамытып келді. Соңғы жылдары «Эйр Астана» іс-әрекет шеңберін әсіресе бас қалада кеңейтуге ден қойып келді.

Инфрақұрылымдық шектеулер Алматы қаласында Компания мен өзге де әуекомпаниялардың өсуіне кедергі болды. Алматы қ. әуежайы бұрынғысынша анағұрлым ірі әуежай болып қалып отыр және де оның 2017 жылғы жолаушы ағыны көрсеткіші 5 млн.адамнан асып түскеніне қарамастан, соңғы бірнеше жыл ішіндегі өсімі болмашы ғана болды. Алматы әуежайы жеке иелікте болса, Астана әуежайы мемлекеттік меншік болып табылады және мемлекеттік инвестицияларды белсенді түрде пайдаланады, ал оның мысалы ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуінің сәл-ақ алдында ашылған жаңа терминал құрылысын келтіруге болады. Грузия, Ресей мен Украина 2017 жылы«Эйр Астана» компаниясының Үндістан, Қытай, Гонконг пен Оңтүстік-шығыс Азияға орындалатын маршруттарында алтыншы әуе еркіндігі шеңберінде жолаушы ағынының өсімін қамтамасыз етіп, Компанияның негізгі өсіміне себеп болған нарықтар қатарында болды. «Эйр Астана» 2018 жылы негізінен әрекеттегі бағыттарда тасымалдау сыйымдылығын арттырып, 2019 жылы маршруттық желіні кеңейтуге ден қою ды жоспарлауда.

Ресей Компанияның жалпы тасымалдау сыйымдылығының 26 % үлесін иеленіп отырған Компанияның ең ірі шетелдік нарығы болып табылады. Ресей сонымен бірге Қазақстаннан орындалатын ұшулар саны жөнінен ең ірі халықаралық нарық болып табылады, оған жалпы тасымалдау сыйымдылығының 30 % тиесілі. CAPA мен OAG мәліметтеріне сәйкес, Компанияның қазақстандық-ресейлік нарықтағы соңғы жыл ішіндегі жолаушы айналымы шамамен 50 % жоғарылады. «Эйр Астана» әуекомпаниясынан бөлек, қазақстандық-ресейлік нарықтағы жыл бойы үздіксіз орындалатын бағыттарда «Аэрофлот», S7 мен SCAT қызмет етеді.

Саланы дамыту жөніндегі жоспарлар

2017 жылы Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) аудитінен табысты түрде өтіп, әуежайлар қауіпсіздігі жүйелерінің халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейін растады. Елбасының тапсырмасымен «100 нақты қадам» ұлттық бағдарламасының шеңберінде саланы мемлекеттік реттудің британдық үлгісіне көшу жоспарлануда.

2018 жылы қазақстандық әуекомпаниялар Астанадан Түмен, Краснодар, Вильнюс, Томскіге, Челябинск, Сочи, Батуми, Душанбе қалаларына рейс ашуды жоспарлауда. Шетелдік әуекомпаниялар (AirBaltic, Emirates, FlyDubai, «Аэрофлот») Рига – Алматы, Дубаи – Алматы, Дубаи – Актау, Красноярск – Алматы, Москва – Кызылорда бағыттары бойынша рейс ашуды жоспарлауда