Директорлар кеңесінің есебі

Директорлар кеңесі өз жұмысы барысында 2017 жылы қызметтің басым бағыттары бойынша негізгі міндеттерді бірізділікпен іске асырып отырды:

  • Стратегиялық даму бойынша;
  • Инвестициялық тартымдылықты арттыру бойынша;
  • қаржылық-шаруашылық қызмет бойынша;
  • басқару механизмдерінің тиімділігі мен ашықтығын жетілдіру бойынша;
  • басқару органдарын бақылау және олардың есеп беру жүйесін жетілдіру бойынша.

2017 жылы Директорлар кеңесінің күндізгі отырысында 119 мәселе, соның ішінде Директорлар кеңесі комитеттері тарапынан қарастыруға алдын ала ұсынылған 74 мәселе қаралды.

2017 жылы негізгі бағыттар бойынша қаралған мәселелердің құрылымы, %
Мәселе санаты Саны
Стратегиялық даму 38
Тәуекелдерді басқару 17
Ішкі бақылау және аудит 13
Қаржылық-шаруашылық қызмет 21
Басқару және сыйақылау 12
Барлығы 100

Директорлар кеңесі мүшелері мен Қоғамның атқарушы органының сыйақылануы

Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және өтемақы төлеу рәсімі Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасы, Қоғам жарғысы мен корпоративтік басқару кодексі негізінде жасақталған Қоғам Директорлар кеңесінің мүшелерін сыйақылау жөніндегі ішкі саясатқа сәйкес анықталады.

Қоғам акционерлері атынан тағайындалған Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді.

Сыйақы Қоғамның тәуелсіз директорларына төленеді. Сыйақы мөлшері Директорлар кеңесінің ұсынуымен және Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің ұсынымдарымен анықталады.

Атқарушы органның сыйақы мөлшері де акционерлердің жалпы жиналысында Директорлар кеңесінің Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитеті тарапынан әзірленген ұсынымдарымен анықталады.

Қоғамның тәуелсіз директорларына:

  • Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысқандығы үшін жыл сайынғы бекітілген сыйақы;
  • Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысқандығы үшін мөлшері бекітілген жыл сайынғы сыйақы, өз өкілеттіктерін орындаумен байланысты туындайтын шығыстар өтемақысы төленеді;
  • Қосымша сыйақы Қоғамның Директорлар кеңесінің комитеттерінің отырыстарына қатысқаны үшін төленуі мүмкін.

Қоғамның тәуелсіз директорларына 2017 жылы төленген сыйақының жалпы сомасы, салықты есептегенде, 28 812 мың теңгені құрады.


Директорлар кеңесінің отырыстарында түрлі бағыттар бойынша қаралған негізгі мәселелер

Стратегиялық даму

  • Қоғамның ірі инвестициялық жобаларының іске асуы жөніндегі есепті қарау.
  • Қоғам стратегиясының іске асуы жөніндегі есепті қарау.
  • Қоғамның 2017-2026 жж.арналған стратегиялық жоспарының және 2017-2021 жж.арналған даму жоспарының жасақталу барысы жөніндегі есептерді қарау.
  • Қоғамның 2017-2026 жж.арналған стратегиялық жоспарын алдын ала мақұлдау.
  • Қоғамның 2017-2021 жж.арналған бизнес- жоспарын (даму жоспарын) алдын ала мақұлдау.
  • Қоғамның ірі инвестициялық жобаға (авиациялық жүк тасымалы) қатысу мәселесін қарау.
  • Қоғам басшылығының бес E190-E2 типіндегі және үш Airbus A321 NEO FB типіндегі әуе кемесінің операциялық лизингі жөніндегі ұсынысы.
  • Қоғам басшылығының бір Embraer 190 әуе кемесін сатып, қайтадан лизингке алу мәмілесін жасасу жөніндегі ұсынысы.

Тәуекелдерді басқару

  • Қоғамның операциялық қауіпсіздігі жөніндегі есептер.
  • Қоғамның орындалған тәуекелдері жөніндегі есептер.
  • 2017 жылдың 1-жартыжылдығы мен 2-жартыжылдығы бойынша Қоғамның жаңартылған Тәуекелдер тіркелімін, Негізгі тәуекелдер тіркелімін және Тәуекелдер картасын бекіту.
  • Қоғамның тәуекел-тәбетін бекіту.

Ішкі бақылау және аудит

  • Қоғамнвң ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау жөніндегі есепті қарау.
  • Қоғамның ішкі бақылау қызметінің 2018-2020 жж. арналған стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту.
  • Қоғамның ішкі бақылау қызметінің стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асуы жөніндегі есептерді қарау.
  • Ішкі аудит қызметінің жұмысы жөніндегі 2016 жыл бойынша жылдық есепті және 2017 жылдың ширектік есептерін қарау.
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жұмысын ширек сайынғы бағалаудан өткізу.
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметінің 2018 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарын бекіту.

Қаржылық-шаруашылық қызмет

  • Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері (бюджет пен даму жоспарының іске асырылуы) жөніндегі есепті қарау.
  • Қоғам президентінің Қоғамның 2016 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі жөніндегі жыл сайынғы есебі.
  • Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі есептер.
  • Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына Қоғамның 2016 жылға таза кірісін және 2016 жылғы дивиденд мөлшерін Қоғамның бір қарапайым акциясына шаққанда үлестіру тәртібі жөнінде ұсыныстар беру.
  • Қоғамның функционалды валютасын өзгерту мәселесін қарастыру.
  • Қоғамның уақытша бос ақшалай қаражатының орналастырылуы жөніндегі есептер және Қоғам депозиттерінің орналастырылу мәртебесі жөніндегі ширек сайынғы есептер.
  • Қоғамның ірі мәмілелер жасасуы жөнінде шешімдер қабылдау.
  • Польшада Қоғам филиалын құру жөнінде шешім қабылдау.
  • Қоғамның өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі жөніндегі есепті қарау.

Басқару мен сыйақылау

  • Қоғамның Директорлар кеңесі мен Қоғамның Директорлар кеңесінің комитеттерінің 2016 жылғы қызметі жөніндегі жыл сайынғы есепті қарау.
  • 2016 жыл қорытындысы бойынша корпоративтік хатшы, бас есепші, Ішкі аудит қызметінің жетекшісі мен қызметкерлері үшін сыйлықақылы сыйақы (жылдық бонус) мөлшерін анықтау.
  • Қоғамның еңбек төлемі жүйесі жөніндегі ережені бекіту.
  • Қоғамның жоғары басшылығы үшін 2018 жылдан бастап әрекетте болатын жылдық бонус жоспары.
  • Лауазымдық нұсқаулар мен Қоғамның бас есепшісіне төленетін сыйақы мөлшерін бекіту.
  • Қоғам Президентіне төленетін өтемақылар мөлшері мен олардың төлену шарттарына қатысты ұсыныстарды қарау.
  • Қазынашылық жөніндегі комитетті құру туралы алдын ала шешім қабылдау және Комитет жөніндегі ережені алдын ала бекіту.
  • Қоғамның Директорлар кеңесінің тағайындаулар мен сыйақылау, стратегиялық жоспарлау, аудит жөніндегі, қазынашылық жөніндегі және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитеттерінің құрамы мен өкілеттіктерін анықтау жөнінде алдын ала шешім қабылдау.
  • Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер және Қоғам Жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мәселесі.