Негізгі оқиғалар

«Экспо-2017» халықаралық көрмесінің өткізілуі

«Экспо-2017» «Болашақ энергиясы» көрмесі мемлекет үшін үлкен жетістікке айналды. «Эйр Астана» әуекомпаниясы Астанадағы «Экспо-2017» көрмесінің ресми әуетасымалдаушысы бола тұра, өзінің халықаралық жолаушыларына 10 мыңнан астам кіру билетін ұсынып, көрмеге келушілер санының артуына септігін тигізді. «Эйр Астана» әуекомпаниясының 2017 жылғы жолаушылар санының өсімі негізінен Қазақстан арқылы өтетін халықаралық транзиттік жолаушылар ағыны мен жазда «Экспо-2017» көрмесінің өткізілуіне орай Астана бағытына деген сұраныстың артуымен түсіндіріледі.

EXPO 2017 Astana
Маршруттық желінің кеңеюі

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Новосибирск пен Екатеринбург қалаларына күнделікті рейстер орындай бастады. Күнделікті рейстер орындау жөніндегі Компания шешімі оның желісінің даму деңгейін көтеруге бағытталған, транзиттік жолаушы ағынын үлкейту үшін оның стратегиялық орнымен қамтамасыз етілетін артықшылықтарды толығымен пайдалану мүмкіндігін беретін стратегиясының бөлігіне айналды. Бұдан бөлек, Компания Санкт-Петербург, Лондон, Үрімші мен Тегеранға орындалатын ұшулар жиілігін арттырды. Компания, сондай-ақ, екі жаңа маршрут ашты. Олардың алғашқысы Астана – Дели болса, екіншісі Орал – Франкфурт маршруты болды. Жолаушылардың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 12%, яғни шамамен 0,5 млн жолаушыға артып, алғашқы рет жылына 4 млн. жолаушы көрсеткішінен асып түсті.

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайындағы жаңа терминал

2017 жылдың шілдесінде Компания өзінің Астанадан іске асырылатын барлық халықаралық рейстерін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жаңа терминалына көшірді. Жаңа терминал барлық халықаралық стандарттарға жауап береді және Компанияға желілік жолаушылар ағынына, яғни Компанияның түйіндік әуежайларының транзиттік әлеуетіне тікелей тәуелді болып келетін қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаңа терминал багажды басқару мен жолаушыларды тіркеудің инновациялық жүйелерімен жабдықталып, сонымен қатар болашақ өсімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті дәрежеде өткізу сыйымдылығын қамтамасыз етеді. Жаңа терминалдың өткізу сыйымдылығы сағатына 1,8 мың жолаушы мен 1 220 бірлік багажды құрайды. Әуежайдың кеңейтілуі ішкі рейстерге қызмет көрсететін терминалдың жұмысын жеңілдетіп, ұшулар жиілігін арттыруға септігін тигізді.





Астана қ. авиациялық-техникалық орталық

Компания Астанада өзінің авиациялық-техникалық орталығының құрылысын аяқтады. Ашылған соң ол Орталық Азиядағы әуе кемелерін жөндеу жөніндегі ең ірі орталықтардың біріне және аймақтағы осы тәріздес жетекші орталықтардың біріне айналады. Бұл ультразаманауи нысан әуе кемелерін жөндеудің барлық түрін, соның ішінде техникалық қызмет көрсету мен үлкен көлемдегі жөндеу жұмыстарын ұсынатын болады. «Эйр Астана» әуекомпаниясы әуе кемесін жөндеу, композиттік жөндеу жұмыстары мен жұмыс барысында бақылау өткізу жөніндегі шеберханалар ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұл орталық сонымен қатар Қазақстандағы қосалқы бөлшектердің ең ірі қоймасына айналады. Бұдан бөлек, ол 190 жұмыс орнын ашып, жұмыс орнында болашақ әуе механиктерін оқытуға мүмкіндік береді.

«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards марапатына ие болып, алтыншы мәрте қатарынан жетістігін тойлауда

«Эйр Астана» алтыншы жыл қатарынан Skytrax нұсқасы бойынша «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания» номинациясында жеңіске жетіп, кезекті рет қызмет көрсетудің үздік сапасы үшін Skytrax «4 жұлдыз» рейтингіне ие болды. Компания сондай-ақ бесінші рет қатарынан «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік борттық қызмет» номинациясында сыйлыққа ие болды.

Орталық Азия мен ТМД-дағы Airbus A320 NEO тобы үшақтарының ең үлкен операторларының бірі

Компания алдағы үш жылда Орталық Азия мен ТМД-да Airbus A320 NEO тобы ұшақтарының ең үлкен операторларының біріне айналуды жоспарлауда. Компания 2016 жылы осы типтегі әуе кемелерінің аймақтағы алғашқы операторына айналып, 2020 жылға қарай әуекомпания паркіндегі ұшақ саны 17 бірлікке жететін болады. Компания жеті Airbus A320 NEO ұшағын, жеті Airbus A321 NEO ұшағы мен ұшу ұзақтығы үлкейтілген төрт Airbus A321 NEO LR пайдаланатын болады.





«Эйр Астана» лизингке бес Embraer E190-E2 ұшағын алды

«Эйр Астана» бес Embraer E190-E2 ұшағы бойынша ұзақмерзімді лизинг келісіміне қол қойды. Ұшақтар жеткізілімі 2018 ж. соңы - 2019 ж. күтілуде.

Embraer E2 үлкейтілген ұзақтық пен операциялық тиімділік ұсынып, нәтижесінде өсу үстіндегі Компанияға қолдау көрсетіліп, жаңа нарықтық мүмкіндіктер ашылатын болады.

Ұлттық рекрутинг бағдарламасы

Компания жаңа ұшқыштар, инженерлер, бортсеріктер мен жерде қызмет көрсету мамандарын бүтін ел бойынша іздеу мақсатында кадрларды іріктеу жөніндегі «Арманыңды іске асыр» атты кең ауқымды науқанды іске қосты. Бүгінде Компания 32 ұшақ пайдалануда, алайда әуе кемелері паркі 2026 ж.қарай 64 бірлікке жеткен кезде оған қызметкерлер құрамын біршама толықтыру қажет болады.

Lufthansa компаниясымен арадағы код-шеринг келісімі

«Эйр Астана» мен Lufthansa екі әуекомпанияның да клиенттеріне көбірек артықшылық пен жайлылық ұсынуға мүмкіндік беретін код-шеринг келісіміне қол қойып, ынтымақтастығын кеңейтті. Енді аптасына бір рет орындалатын 7 рейс орнына жолаушылар екі әуекомпания Қазақстан мен Германия арасында іске асыратын, апта ішіндегі 14 рейстің кез келгенін пайдаланса болады. Жолаушылар жайлылығын одан бетер арттыру үшін Компания өз кеңсесін Франкфурт әуежайындағы 1 терминалға көшіріп, нәтижесінде Lufthansa мен басқа серіктестердің рейстеріне тіркелу мен келу уақыты біршама қысқарды.





Борттағы кеңжолақты интернет

Компания жолаушылары жекелеген маршруттарда әуелайнерлер бортында жоғары жылдамдықтағы кеңжолақты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Аталмыш қызмет барлық Boeing 767 ұшақтарының үшеуінде де бизнес және экономкласс жолаушыларына ұсынылатын болады. Компания әлем бойынша кеңфюзеляжды ұшақтарға GX Aviation байланысын орнатқан алғашқы әуекомпания болып табылады және де ол инновациялық технологиялар мен жолаушыларға үздік қызмет көрсетуге ден қояды.

MySeat қызметінің іске қосылуы

Компанияның MySeat атты жаңа қызметі жолаушыларға бизнес -класс салонындағы бірінші қатар, экономкласс салонындағы бірінші және екінші қатардағы, сондай-ақ апаттық шығу есіктерінің жанындағы орындарды брондауға мүмкіндік береді. Жолаушылар бұрынғысынша ұшақтың басқа бөліктеріндегі орындарды да ақысыз негізде брондай алады.

Алдыңғы қатарлы халықаралық техникалық және эксплуатациялық стандарттарға сәйкестік

Компания алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар мен практикалардың орындалуын айғақтауды жалғастырды, Мысалы, 2017 жылы ол Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) эксплуатациялық қауіпсіздік жөніндегі IOSA (IATA Operational Safety Audit) аудитінен алтыншыр рет қатарынан сәтті өтті.

Компания сондай-ақ EASA стандарты 145 Бөлім талаптарына сәйкес әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге берілетін EASA (European Aviation Safety Agency — Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі) сертификаттарының әрекет ету мерзімін ұзартты.

Компания Біріккен Корольдіктің Азаматтық авиация істері жөніндегі басқармасы тарапынан ұйымдастырылатын EASA 145 Бөлім(«Әуе кемелеріне желілік техникалық қымет көрсету») стандарты бойынша өтетін жыл сайынғы аудиттен және Ирландияның Азаматтық авиация істері басқармасы тарапынан ұйымдастырылатын EASA 147 Бөлім («Техникалық қызмет көрсету бойынша оқытуды ұйымдастыру») стандарты бойынша өткізілетін аудитінен сәтті өтті.

Функционалды валюта ретіндегі АҚШ доллары

Жан-жақты талдау нәтижесінде Компания басшылығы Компанияда жүргізілетін негізгі операциялар, жағдаяттар мен жағдайлардың экономикалық салдарын мейлінше нақтырақ көрсету үшін АҚШ доллары Компанияның функционалды валютасына айналуы керек деген шешімге келді. Осылайша, 2017 жылы функционалды валюта қазақстандық теңгеден АҚШ долларына ауыстырылды.