Корпоративтік хатшы

Корпоративтік хатшы Қоғамның түрлі басқару органдары арасында ашық диалог жүруін, олардың заңнамалық және Компания тарапынан қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз етуде негізгі рөл ойнайды. Корпоративтік хатшы барлық акционерлер құқықтарының қорғалуын, акционерлердің хабарламаларының тиісті орган тарапынан дұрыстап қаралуын және акционерлердің құқықтарының бұзылуымен байланысты жанжалдардың шешілуін қамтамасыз етеді. Корпоративтік хатшының міндеттеріне Директорлар кеңесінің, оның комитеттері мен атқарушы орган арасында бірқалыпты ақпарат ағынын қамтамасыз ету және жаңа директорлардың қызметіне бейімделуіне септігін тигізу кіреді. Корпоративтік хатшы лауазымына тағайындау және босату Директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

Кондачкова Елена Викторовна

Қоғамның корпоративтік хатшысы Е.В.Кондачкова, Қоғамның құрылуының ерте кезеңінен бері жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлердің бірі болып табылады. Стратегиялық жоспарлау департаментінің Корпоративтік даму жөніндегі маманы, кейін менеджері қызметін атқарған. 2011 жылы Елена «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының корпоративтік хатшыларын сертификаттау бағдарламасын оның алғашқы түлектері қатарында табысты аяқтады.