Президент пен Бас директор үндеуі

Success

2017 жылы «Эйр Астана» өзінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартты: алдыңғы жылы компания тарихында алғаш рет тіркелген теріс қаржылық нәтижеден кейін әуекомпания кірісі 767,54 млн. АҚШ долларына дейін 24 % өссе, операциялық пайда 63,26 млн. АҚШ долларына дейін 67 % өсіп, таза пайда 39,32 млн. АҚШ долларын құрап, таза маржа 5,1 % құрады. 2014 және 2015 жж. Қазақстандық теңгенің құнсыздануынан кейін орын алған сатулардың төмендеген үш жылы ішінде түсім алғашқы рет сенімді өсім көрсетті. Оған 2014 жылғы деңгейінен елу пайыздан астам төмен деңгейде қалып отырған теңгенің АҚШ долларына қатысты тұрақты деңгейде қалып отырған төмен бағамы септігін тигізуде. Бағамдық айырмашылықтардың өзгеруінен бөлек, операциялық кірісті арттыруға маркетингтік стратегиямызға қатысты қолға

алынған құрылымдық өзгерістер мүмкіндік берді, нәтижесінде кірістіліктің жағымсыз үрдістерінің бетін қайтаруға мүмкіндік туды. Мәселен, Қазақстанда халықаралық рейстерге сатылатын билеттердің құны енді АҚШ долларымен есептеліп, күнделікті негізде айырбастау бағамының ауытқуларын есепке ала отырып өзгертіледі. Тек ішкі рейстер ғана теңге негізінде есептелінеді, сол себепті құнсыздану әсері компания табысының тек 30% ғана таралады. Ішкі нарық пен экономика белгілі бір дәрежеде теңгенің анағұрлым төмен бағамына бейімделді. Экспорт көлемі ұлғайып, экономиканың жалпы алғандағы өтімділігі артып, нәтижесінде тұрғылықты халықтың сатып алу қабілеттілігі көрсеткіші өсті.

Компания әуе кеңістігінде алтыншы дәрежелі әуе еркіндігі бойынша транзиттік тасымалдар желісін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік алды. Бұл сегмент 58 % өсіп, енді халықаралық рейстеріміздегі түсімнен 25 % құрайды. Бұл жердегі айтулы өсім сатулардың тұтас аумағы – Ресей, Қытай, Гонконг, Украина, Өзбекстан мен ЕО елдеріндегі бәсекеге қабілетті бағалардың арқасында әуе билеттерінің құнының төмен болуына байланысты мүмкін болды.

Осы орайда ерекше назар аударған жөн. Алтыншы дәрежедегі әуе еркіндігі бойынша іске асатын тасымалдар, халық саны 18 миллион адам болып келген, ішкі нарығы салыстырмалы түрде шағын елдегі толық қызмет түрін көрсететін шағын әуе тасымалдаушы болып табылатынымызға қарамастан, бұрынғысынша тұрақты оң қаржылық нәтиженің негізгі себебі болып келеді. 2016 жыл жөніндегі есепте мен әр қолда бар кресло-километрдің меншікті құнының 4,6 цент болуы бізге «лоукостерлерді» есепке алғанда саламыздағы өзіндік құны ең төмен компания болуды қамтамасыз ететіндігі жөнінде жазған едім. 2017 жылы орналасқан әр кресло-километр үшін меншікті құн негізінен әуе жанармайы бағасының қымбаттауы есебінен 5,2 центке дейін 13 % өсті. Жанармай ортақ салалық көрсеткіш болып табылады, сол себепті салыстырмалы бәсекеге қабілеттілікке әсерін тигізбейді. Алайда, егер оның бағасы айтарлықтай өссе, ол өз кезегінде нарықтағы жалпы сұранысқа әсерін тигіеді, себебі әуе билеттері мен жанармай алымдарына деген тарифтер өседі. Шығындар сондай-ақ бизнестің басқа салаларында да өсуде. Білікті әуе персоналы, әсіресе ұшу экипаждары, Азияда үлкен сұранысқа ие. Компанияның жоғары білікті де тәжірибелі ұшқыштары үнемі рекрутерлердің жіті назарында, сол себепті біз жалақы деңгейлеріне айтарлықтай түзету енгізіп отыруымыз қажет. Әуежайлар, әуе кемелеріне қызмет көрсету бөлімдері мен басқа да қызмет ұсынушылар негізінен шекті немесе ортамаксималды жүктеліммен жұмыс істейді, сол себепті олардың қызметінің бағалары да тиісінше жоғары болады.

Шығыстар тұрғысынан қысым бар екеніне қарамастан, біз қызмет көрсетуді жетілдіру мен қызметкерлерімізді оқытуға инвестиция салуды жалғастырудамыз. Есеп беру жылында біз Boeing 767 ұшақтарында Wi-Fi байланысын, орындық арқасында теледидар орнатылмаған ұшақтарда ағындық ойын-сауық бағдарламалары, сондай-ақ орынды алдын ала таңдау опциясы мен «MyUpgrade» билет класын бизнесклассқа дейін көтеру қызметі сияқты қосымша қызметтер енгіздік. Біз кезекті рет «Төрт жұлдыз» мәртебемізді растап, «Skytrax» рейтинг агенттігінің жоғары бағасына ие болдық. Сауалнамаға қатысушылар бізді «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания» санаттарында бірінші орынға қойды. Сондай-ақ біздің Компаниямыз EXPO 2017 көрмесінің демеушісі әрі әуетасымалдаушысы болып, осы іс-шараның өткізілуі шеңберінде көпшілік тарапынан кең ауқымда танылдық. 2 милионнан астам адам келген халықаралық көрменің арқасында біз сондай-ақ жолаушылар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік алдық.

Біз «Ab Initio» бағдарламалары бойынша жас азаматтарымызды оқытуды жалғастырып, болашағынан үміт күттіретін ұшқыштар мен инженерлік кадрларды құрамдаудамыз. Қазіргі таңда 209 ер азамат пен әйел адам осы бағдарлама бойынша оқудан өтуде.

Біз жыл соңында Астана қ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында кез келген ауа райы жағдайына төтеп беретін қосарлы ангар ашып, оның ішінде алдағы жылдары ұшақтарды жөндеуден өткізіп, оларға техникалық қызмет көрсетуді жоспарлаудамыз. Біз Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының екі жыл сайынғы операциялық қауіпсіздік аудитінен (IOSA – IATA Operational Safety Audit) бесінші рет қатарынан сәтті өттік.

Мен алдында атап өткен әуе жанармайы бағасының күрт өсуімен тікелей байланысты шығыс көлемінің артуы біздің 2018 жылға жоспарлаған шығыстарды қысқарту жөніндегі саясатымызды іске асырудағы жалғыз елеулі сынағымыз болып отыр. Кірістің өсуіне бідің бизнесті кеңейту жөніндегі жоспарымыз бойынша жаңа Airbus Neo ұшақтарының жеткізілімінің кешеуілдеуі де әсерін беруі мүмкін. Бұл мәселелер Airbus NEO ұшақтарына байланысты біршама тапсырыз қабылдаған серіктестеріміз - «Airbus» пен «Pratt & Whitney» корпорацияларындағы қозғалтқыштар жеткізілімінің кешіктірілуі мен жеткізу тізбегіндегі ақаулар себебінен туындайды.Дегенмен де, нарықтардың көпшілігі тұрақты болып қалып отырғандықтан, біздің Қытай мен Үндістанға орындайтын әуе тасымалдарымыздың біршама өсуін күтуге болады. Бұл бағыттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аты аталған елдердің Қазақстанда 72 сағаттаң артық емес уақытқа аялдап, Қазақстан арқылы транзитпен өткісі келетін азаматтарына виза беру талабын жою жөніндегі шешімінен кейін болашағынан зор үміт күттіреді.

Жалпы алғанда, ағымдағы нарықтық жағдайларды біздің акционерлеріміз, клиенттеріміз, қызметкерлеріміз бен Компаниямызға үздіксіз көрсетіп келе жатқан үздіксіз қолдаулары үшін алғысымды білдіргім келетін басқа да мүдделі тараптар үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында бақылауымызда болатын әртүрлі бағыттағы үрдістердің жиынтығы деп сипаттауға болады.

Құрметпен, Питер Фостер