Акционерлердің жалпы жиналысыАкционерлердің жалпы жиналысы тарапынан қарастырылатын мәселелердің толық тізімімен Компанияның сайтында.

«Самұрық-Казына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ акциялардың 51 % иелік етеді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бәсекеге қабілеттілікті және ұлттық экономиканың тұрақтылығын арттыру және әлем нарығындағы ықтимал теріс өзгерістердің еліміздің экономикалық өсіміне ықпал ету факторының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарғысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы Қаулысымен 2008 жылдың 3 қарашасында құрылды.

BAE Systems (Kazakhstan) Limited акциялардың 49% иелік етеді. BAE Systems (Kazakhstan) Limited – қару-жарақ, ақпараттық қауіпсіздік және әуе-ғарыштық салалардағы әуеде, құрлықта және теңіз бен ғарышта пайдаланылатын жүйелерді әзірлеумен, жеткізумен және оларға қолдау көрсетумен айналысатын британдық BAE Systems plc корпорациясының еншілес компаниясы.

2017 жылы Акционерлердің жалпы саны 12 жиналысы, соның ішінде 2017 жылдың 24 шілдесінде Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілді.

Өкілеттіктер 2017 жылы Акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған негізгі шешімдер
Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесінің сандық құрылымын және өкілеттік мерзімін анықтау Директорлар кеңесінің мүшелерін 2017 жылға сайлау
Директорлар кеңесінің комитеттерін құру, олардың құрамын анықтау жөнінде щещімдер қабылдау, олар жөніндегі ережелерді бекіту Директорлар кеңесінің комитеттерінің 2017 жыл үшін құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау және Қазынашылық жөніндегі жаңа комитетті құру туралы шешім қабылдау
Қоғамның ұзақмерзімді даму стратегиясын бекіту Қоғамның 2017-2026 жж.арналған стратегиялық даму жоспарын бекіту
Ұзақмерзімді және қысқамерзімді бизнес-жоспарларды бекіту (даму жоспары мен жылдық бюджет) Қоғамның 2017-2021 жж.арналған бизнес-жоспарын (даму жоспарын) бекіту
Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін бекіту Қоғамның 2016 жыл бойынша қаржылық есептілігін бекіту
Қоғамның 2016 жыл үшін жасалған жылдық есебін бекіту
Қоғамның ірі мәмілелерді және Қоғам жасауға мүдделі мәмілелер мен ірі мәмілелерді, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысымен заңнама мен Қоғам жарғысына сәйкес бекітуді талап ететін өзге де мәмілелер жасасуы туралы шешімдерді бекіту Ірі мәмілелерді жасасу және Қоғам міндеттемелерін тиісінше арттыру жөнінде шешімдер қабылдау
Қез келген ұшақты меншікке алу, қаржылық лизингке немесе жалға алу Embraer Е190 Е2 типіндегі бес әуе кемесін, үш Airbus-A320 NEO FB мен үш A321 NEO әуе кемесін операциялық лизинг шарты бойынша сатып алу