Директорлар кеңесінің комитеттері

Қоғамның директорлар кеңесінің жанында оның функцияларының тиімді орындалуына жәрдемдесу және оның құзыретіне жататын мәселелерді тереңінен пысықтау мақсатында құрылған бес Комитет жұмыс жасайды.

Барлық комитеттің қызметі Директорлар кеңесінің алдын ала мақұлдауымен Акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілетін, комитеттер құрамы, құзіреттілігі, мүшелерінің сайлану тәртібі, жұмыс тәртібі және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері жөніндегі ережелерден тұратын ішкі құжаттармен реттеледі.

Директорлар кеңесі мен комитеттер жыл сайын жұмыс жоспарын құрады және олардың отырыстары тұрақты негізде өткізілуі керек. Комитет отырысының хаттамасы Директорлар кеңесіне жіберіледі. Директорлар кеңесінің жылдық есебінің жеке бөлімі комитеттер жұмысына арналады.

Барлығын ашу
Барлығын жасыру
Аудит жөніндегі комитет

Аудит жөніндегі комитет Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді және өзіне Директорлар кеңесімен берілген өкілеттіктер шеңберінде әрекет етеді. Оның жұмысы Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін, корпоративтік басқару саласында құжаттардың орындалуын, ішкі және сыртқы аудиттердің тәуелсіздігін бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үдерістерін бақылау бойынша Директорлар кеңесіне әрекеттесуге бағытталған. Аудит жөніндегі Комитет 2008 жылдың наурызында құрылды.

2017 жылы Аудит жөніндегі комитеттің күндізгі формада жалпы саны 12 отырысы өткізілді.

Аудит жөніндегі комитет құрамы және комитет мүшелерінің 2017 жылғы отырыстарға қатысуы
Аты-жөні Лауазымы Отырыстар мен шешім қабылдауға қатысулары
Дмитрий Ларионов Төраға 100 %
Лорд Томас Александр Хескет Мүше 100 %

Рөлі мен міндеттері

Аудит жөніндегі комитеттің құзіреттілігіне төмендегі мәселелер жатады:

  • Қоғамның Директорлар кеңесіне сыртқы аудиторды тағайындау және ауыстыру бойынша, сыртқы аудиторға жасалатын төлем мөлшерін анықтау бойынша, сыртқы аудитор қызметтерін бағалау бойынша, сыртқы аудитордан ілеспе қызметтерді алу бойынша ұсынымдар жасақтау
  • Қоғамның Директорлар кеңесіне Ішкі аудит қызметінің жетекшісі мен қызметкерлерін тағайындау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде ұсынымдар жасақтау
  • Қоғам басшылығының өкілдерінің қатысуынсыз сыртқы және ішкі аудиторлармен кездесулер өткізу
  • Комитет қарамағындағы мәселелер бойынша кез келген тергеулер жүргізу.

2017 жылғы қызметі

Ішкі аудит мәселелері бойынша:

  • Қоғамның Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау жөніндегі есепті қарау;
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметіің жұмысы жөніндегі ширектік есептерді қарау;
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметінің 2017 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына енгізілетін өзгерістерді алдын ала мақұлдау, Қоғамның Ішкі аудит қызметінің 2018 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарын алдын ала мақұлдау;
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметінің 2018 жылға арналған бюджетін алдын ала мақұлдау;
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жұмысын бағалау;
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметінің стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу мәртебесі жөніндегі есептерді қарау;
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жетекшісінің Қоғамның Ішкі аудит қызметінің құрамында орын алған өзгерістер жөніндегі ақпаратын қарау;
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жетекшісі мен жұмыскерлеріне 2017 жыл қорытындысы бойынша төленетін жылдық бонус мөлшерін анықтауға қатысты ұсынымдар, Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жетекшісі мен жұмыскерлеріне 2018 жылы төленетін сыйақы мөлшерін бекітуге қатысты ұсынымдар

Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша:

  • Қоғамның уақытша бос ақшалай қаражатын орналастыру жөніндегі есептерді қарау;
  • Қоғам депозиттерінің орналастырылу мәртебесі жөніндегі ширек сайынғы есептерді қарау;
  • Қоғамның жаңартылған тәуекелдер тіркелімін қарау, Қоғамның іске асқан тәуекелдері жөніндегі есепті тыңдау;
  • Жаңартылған тәуекелдер тіркелімін, негізгі тәуекелдер тіркелімін және Қоғамның тәуекелдер картасын алдын ала мақұлдау;
  • Қазақстанның қаржы секторындағы ағымдағы ахуалға шолу жасау;
  • Қоғамның функционалды валютасын өзгерту мәселесін қарау;
  • Қоғам президентінің Қоғамның банк есепшоттарын ашу жөніндегі шешімдерін мақұлдауға қатысты ұсынымдар;
  • Қоғамның Директорлар кеңесінің Қазынашылық жөніндегі комитетін құру және оның құрамын анықтауға қатысты ұсынымдар, Қоғамның Директорлар кеңесінің Қазынашылық жөніндегі комитеті жөніндегі ережені бекітуге қатысты ұсынымдар.

Қаржылық есептілік мәселелері бойынша:

  • Қоғамның сыртқы аудиторының Қоғамның 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша жасалған жылдық қаржылық есептілік аудитінің мәртебесі жөніндегі ақпаратын қарау;
  • Қоғамның Директорлар кеңесіне Қоғамның 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту жөнінде ұсынымдар беру;
  • Сыртқы аудитордың Қоғам басшылығына Қоғамның жылдық қаржылық есептілігіне жасалған аудит нәтижелері бойынша жазған хатын қарау;
  • Сыртқы аудиторлардың Қоғамның 2017 жылдың 30 маусымында аяқталған 2017 жылдың алты айы бойынша қысқартылған аралық қаржылық есептілігіне шолу тексерісін өткізу жөніндегі есебі;
  • Аудит жөніндегі комитет құзіретіндегі өзге де мәселелер.
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңестік органы болып табылады және Қоғамның Директорлар кеңесі қызметінің тиімді орындалуына ықпал ету және Қоғамның Директорлар кеңесіне стратегиялық жоспарлау жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылады.

2017 жылы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің күндізгі формада жалпы саны сегіз отырысы өткізілді.

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің құрамы және комитет мүшелерінің 2017 жылғы отырыстарға қатысуы
Аты-жөні Лауазымы Отырыстар мен шешім қабылдауға қатысуы
Дмитрий Ларионов Төраға 100 %
Нұржан Байдәулетов Мүше 100 %
Алан Фрейзер Мүше 100 %

Рөлі және міндеттері

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет Қоғамның Директорлар кеңесінің өз функцияларын тиімді орындауына әрекеттесу және Директорлар кеңесіне стратегиялық даму мәселелері бойынша ұсынымдар жасақтау мақсатымен құрылған. Комитет 2012 жылдың қазан айында құрылған.

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет құзыретіне мынандай мәселелер жатады:

  • Директорлар кеңесіне Қоғам қызметінің (дамуының) басым бағыттарын анықтау бойынша ұсынымдар дайындау
  • Директорлар кеңесіне Қоғамның ұзақ мерзімді даму стратегиясын алдын ала мақұлдау бойынша, сондай-ақ оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдар дайындау
  • Қоғам басшылығының Қоғамның ұзақ мерзімді даму стратегиясы мен орта мерзімді бизнес-жоспардың (даму жоспарының) іске асырылуы және қызметтің стратегиялық шешуші көрсеткіштерінің көзделген мәндеріне қол жеткізілгендігі туралы есебін қарау
  • Директорлар кеңесіне корпоративтік басқару жөніндегі ұсынымдарды дайындау
  • Экономикалық, саяси, әлеуметтік және бәсекелестік ортадағы өзгерістерді ескере отырып, Директорлар кеңесіне Қоғамның даму стратегиясын қайта қарау бойынша ұсынымдар дайындау
  • Директорлар кеңесіне Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру және Қоғамның әуе тасымалы нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұзақ мерзімге ұсынымдар дайындау

2017 жылғы қызметі:

  • Қоғамның 2017-2026 жж.арналған стратегиялық жоспары мен 2017-2021 жж.арналған бизнес-жоспарының жасақталу мәртебесі жөніндегі есепті қарау ;
  • Қоғамның 2016 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің алдын ала нәтижелері (бюджет пен даму жоспарының іске асуы) жөніндегі есепті қарау;
  • Қоғамның ірі инвестициялық жобаларының іске асуы жөніндегі есепті қарау;
  • Қоғам стратегиясының іске асуы жөніндегі есепті қарау;
  • Қоғам президентінің Қоғамның 2016 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері жөніндегі жыл сайынғы есебін қарау;
  • Қоғамның 2016 жылғы таза кірісін үлестіру тәртібі мен Қоғамның бір қарапайым акциясына шаққанда 2016 жыл үшін төленетін дивиденд мөлшеріне қатысты ұсынымдар;
  • Қоғам президентінің Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері (бюджет пен даму жоспарының іске асуы) жөніндегі есептерін қарау;
  • Қоғамның Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің 2016 жылдағы қызметі жөніндегі жыл сайынғы есепті қарау;
  • Қоғамның инвестициялық жобаға қатысу мәселесі бойынша жаңартылған ақпаратты қарау;
  • Boeing B-787 әуе кемелерінің жеткізілімі бойынша жаңартылған ақпаратты қарау;
  • Қоғамның меншігіндегі Embraer E190 бір әуе кемесін сатып, оны қайтадан лизингке алу мәселесін қарау;
  • Қоғам жарғысына енгізілетін өгерістер мен толықтыруларды қарау;
  • Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
  • Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет құзіретіндегі өзге мәселелер.
Тағайындаулар мен сыйақылау жөніндегі комитет

Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі Комитет Қоғамның Директорлар кеңесіне Директорлар кеңесінің, атқарушы органның, ішкі аудит қызметі басшысының, корпоративтік хатшы мен Қоғамның өзге де жұмысшыларынының құрамына Директорлар кеңесімен/Қоғамның акционерлерімен тағайындалатын немесе тағайындаулары келісілетін білікті мамандарды тарту бойынша ұсынымдарды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне, көрсетілген жұмыскерлерге және лауазымды тұлғаларға сыйақы беру мәселелері бойынша ұсынымдар жасақтайды.

Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитет 2012 жылдың қазанында Тағайындаулар жөніндегі комитет пен Сыйақылау жөніндегі комитеттің бірігуі арқылы құрылған.

2017 жылы тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитеттің күндізгі формада жалпы саны алты отырысы өткізілді.

Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитеттің құрамы және Комитет мүшелерінің 2017 жылғы отырыстарға қатысуы
Аты-жөні Лауазымы Отырыстарға және шешім қабылдауға қатысуы
Дмитрий Ларионов Төраға 100 %
Лорд Томас Александр Хескет Мүше 100 %
Нұржан Байдәулетов Мүше 100 %
Дэвид Коул Мүше 100 %

Рөлі мен міндеттері

Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитет құзіреттілігіне келесі мәселелер жатады:

  • Тәуелсіз директорлыққа, атқарушы орган, корпоративтік хатшы, Қоғамның ішкі аудит қызметінің басшысы мен жұмысшыларының лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын дайындау
  • Тәуелсіз директорлыққа, атқарушы орган, Қоғамның ішкі аудит қызметінің басшысы, Қоғамның корпоративтік хатшысы лауазымына үміткерлерді сайлау немесе тағайындау бойынша ұсынымдар
  • Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің, атқарушы органның, ішкі аудит қызметі жетекшісі мен корпоративтік хатшының сабақтастығын жоспарлау саясатын жасақтау
  • Сыйақы берілуі Директорлар кеңесімен келісілетін, Директорлар кеңесінің мүшелері мен атқарушы орган, ішкі аудит қызметінің жетекшісіне, корпоративтік хатшы мен Қоғамның басқа да қызметкерлеріне сыйақы тағайындау саясаты мен құрылымы бойынша ұсынымдар
  • Сыйақы берілуі Директорлар кеңесімен келісілетін, Директорлар кеңесінің мүшелері, атқарушы органның, Ішкі аудит қызметінің жетекшісіне, корпоративтік хатшы мен Қоғамның басқа да қызметкерлеріне жылдық негізде жекелей сыйақы белгілеу бойынша ұсынымдар жасау
  • Сыйақы берілуі Директорлар кеңесімен келісілетін, Директорлар кеңесінің мүшелері, атқарушы органның, Ішкі аудит қызметінің жетекшісіне, корпоративтік хатшы мен Қоғамның басқа да қызметкерлерін сыйақылау мөлшерін өзгерту бойынша Қоғамның Директорлар кеңесіне ұсыныстар енгізу
  • Сыйақы берілуі Директорлар кеңесімен келісілетін Қоғам қызметкерлеріне жыл қорытындысы бойынша сыйақы төлеу мәселесін қарастыру
  • Сыйақы берілуі Директорлар кеңесімен келісілетін Директорлар кеңесінің мүшелерін, атқарушы органның, Ішкі аудит қызметінің жетекшісін, корпоративтік хатшы мен Қоғамның басқа да қызметкерлерін сыйақылау деңгейі мен саясатына салыстырмалы талдау жүргізу

2017 жылғы қызметі

  • Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитеттің жыл сайынғы есебін қарау;
  • Қоғамның бас есепшісін тағайындауға қатысты ұсынымдар;
  • Қоғамның бас есепшісіне төленетін сыйақы мен өтемақы мөлшерін бекітуге қатысты ұсынымдар;
  • Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістерге қатысты ұсынымдар;
  • Қоғам Президентіне төленетін өтемақы мөлшері мен шарттары жөніндегі ұсынымдар;
  • Қоғамның жарналары бекітілген корпоративтік зейнетақы жоспарының іске асу мәртебесі жөніндегі есепті қарау;
  • Сыйақылануы Қоғамның директорлар кеңесімен анықталатын Қоғам жұмыскерлеріне 2018 жылы төленетін еңбекақы мөлшерін бекіту жөніндегі ұсынымдар
  • Тағайындау мен сыйақылау жөніндегі комитет құзіретіндегі өзге мәселелер.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитет

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңестік органы болып табылады және Қоғамның Директорлар кеңесі қызметінің тиімді орындалуына ықпал ету және еңбек қауіпсіздігі, денсаулық және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етумен байланысты және аталған Қоғам салаларында тиімді басқару жүйесін құру мақсатымен Қоғамның Директорлар кеңесіне және Атқарушы органға әлеуметтік жауапкершілік мәселелер жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылады.

2017 жылы Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитет күндізгі формада төрт отырыс өткіді.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитеттің құрамы мен комитет мүшелерінің 2017 жылғы отырыстарға қатысуы
Аты-жөні Лауазымы Отырыстарға және шешім қабылдауға қатысуы
Лорд Томас Александр Хескет Төраға 100 %
Дмитрий Ларионов Мүше 100 %
Ғани Битенов Мүше 100 %
Алан Фрэйзер Мүше 100 %

Рөлі мен міндеттері:

  • Қоғамның Директорлар кеңесіне Қоғамның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясын әзірлеуге және мақұлдауға, Қоғамның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясының іске асырылуын талдауға және бағалауға қатысты ұсынымдар беру;
  • Қоғамның еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік, денсаулық сақтау, әлеуметтік жауапкершілік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын және қызметін әзірлеу және қарау
  • Қоғам қызметінің Қоғамда қабылданған еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік, денсаулық сақтау, әлеуметтік жауапкершілік және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы заңнама мен ережелердің талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу;
  • Қоғамның Директорлар кеңесіне Қоғамның әлеуметтік және қайырымдылық саясатына қатысты ішкі құжаттарын бекіту жөніндегі ұсыныстар беру;
  • Корпоративтік жауапкершілік саласында елеулі тәуекелдерді және осы тәуекелдердің теріс салдарын төмендету жөніндегі жоспарларды қарау;
  • Қоғамның Директорлар кеңесіне Қоғамның тұрақты дамуы жөніндегі әлеуметтік есепті мақұлдау бойынша ұсынымдар жасау.

2017 жылғы қызметі:

  • Компанияның 2016 жылға арналған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі есебін қарау;
  • Компанияның еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау саласындағы 2017 жылдың он айы ішіндегі қызметі жөніндегі есепті қарау;
  • Компанияның жарналары бекітілген корпоративтік зейнетақы схемасын енгізу жөніндегі жаңартылған ақпаратты қабылдау;
  • Компания қызметкерлерінің корпоративтік белсенділігі жөніндегі зерттеу нәтижелерін қарау;
  • Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі комитеттің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Қазынашылық жөніндегі комитет

Қазынашылық жөніндегі комитет 2017 жылдың қазанында құрылды. Қазынашылық жөніндегі комитеттің міндеті – Директорлар кеңесіне Қоғамның қазынашылық функцияларымен байланысты тәуекелдерді қадағалауды іске асыру және оларды басқару тиімділігін арттыру бойынша септігін тигізу.

Комитет Қоғам мүдделері шеңберінде қызмет етеді, ал оның жұмысы Директорлар кеңесіне келесі мәселелер бойынша жәрдемдесуге бағытталған:

  • Қоғам қызметінің қазынашылық түрлерін бақылау механизмдерін тексеру, қазынашылық саласындағы саясаттар мен рәсімдерді жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру;
  • Қызметтің қазынашылық түрлеріне мониторинг жүргізу және олармен байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктер жайлы Директорлар кеңесіне хабар беру;
  • Қазынашылық жөніндегі Ережеге сәйкес және Директорлар кеңесінің тапсырмасымен қазынашылықпен байланысты барлық мәселелерде.

2017 жылы Қазынашылық жөніндегі Комитет күндізгі формада екі отырыс өткізді.

Қазынашылық жөніндегі комитеттің құрамы мен комитет мүшелерінің 2017 жылы отырыстарға қатысуы
Аты-жөні Лауазымы Отырыстар мен шешім қабылдауға қатысуы
Дмитрий Ларионов Төраға 100 %
Ғани Битенов Мүше 50 %
Дэвид Коул Мүше 100 %

2017 жылы өткізілген екі отырыстың бірінде Ғани Битеновті Комитеттің балама мүшесі Нұржан Байдәулетов алмастырды.

Рөлі мен міндеттері:

  • Қазынашылықты бақылау және тәуекелдерді басқару міндеттері бойынша Қоғамның қазынашылық саласындағы саясаттарды ұстану жағдайы жөніндегі ай сайынғы есептеріне талдау жасау және қазынашылықпен байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді және Қоғамның қазынашылықты басқарудағы тиітсі жоспарларын қарау мақсатында Қоғам басшылығымен жарты жылда бір реттен кем емес мөлшерде тұрақты кездесулер өткізіп тұру;
  • Қызметтің есептілігі мәселелері бойынша Директорлар кеңесінің алдында өз қызметі жайлы тұрақты түрде, жылына бір реттен кем емес мөлшерде есеп беру; Комитет жұмысының нәтижелері жөніндегі ақпаратты, оның Акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы есепте ашылуы мақсатында, дайындау. Директорлар кеңесінің алдында Қазынашылық жөніндегі комитет туралы, ережеде көрсетілген саясаттардың бұзылуы орын алған барлық жағдайлар туралы, Комитет ереже бұзушылықты анықтағаннан кейін ақылға қонымды мерзім ішінде есеп беру;
  • Басқа мәселелер бойынша Директорлар кеңесінің тапсырмасымен Қазынашылық жөніндегі комитет құзіретіне кіретін өзге міндеттерді орындау.

2017 жылғы қызметі

  • Қоғам депозиттерінің 2017 жылдың 30 қыркүйегіндегі орналастырылу мәртебесі жөніндегі ширек сайынғы есепті қарау;
  • Қоғамның «Altyn Bank» АҚ-мен өтелмеген резервтік аккредитивтер және банк кепілідіктерінің шығарылымы бойынша келісімге отыру мәселесіне қатысты ұсынымдар;
  • Қоғамның Natixis банкімен өтелген резервтік аккредитивтер (ақшаны кепілге қоя отырып) шығарылымы мен BNP Paribas банкімен өтелмеген (ақшаны кепіге қоя отырып) резервтік аккредитивтер мен өтелген аккредитивтер (ақшаны кепілге қоя отырып) шығарылымы жөнінде келісімдер жасасуына байланысты ұсынымдар;
  • Ақшалай қаражатты, банк тәуекелі мен Қоғамның қазынашылық есептілігін басқару жөніндегі саясатты бекітуге қатсты ұсынымдар;
  • Қоғам Президентінің «Банк «ВТБ(Әзірбайжан)» ААҚ-да (Баку қ., Әзірбайжан Республикасы) банк есепшотын ашу жөніндегі шешіміне қатысты ұсынымдар.