Инженерлік-техникалық қызмет көрсету

«Эйр Астана» ұшулар қауіпсіздігінің үздік стандарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ әуе кемелеріне көрсетілетін қызметтер тиімділігін арттыруға ұмтылады. Астана, Алматы мен Атырау қалаларында жетекші сервистік және жөндеу-эксплуатациялық нысандары бар Компания инженерлік-техникалық мүмкіндіктер бойынша аймақттық көшбасшыға айналуға ұмтылуда. Қызметкерлердің техникалық дайындығы мен әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету Еуропалық аивациялық қауіпсіздік агенттік (EASA) пен ұлттық Азаматтық авиация комитеті (ААК) талаптарына сай іске асырылады.

Күрделі экономикалық ортаға қарамастан, 2017 жыл Компания үшін табысты болып, келесдіей оқиғалармен есте қалды:

  • Астанада жаңа техникалық қызмет көрсету мен қолдау орталығының ашылуы;
  • Компанияның өзінің дайындық мектебіне Boeing 767 әуе кемелеріне қызмет көрсетуді оқытуға EASA рұқсатын алу;
  • Компания өздігінен жасақтаған, қажетті құжаттардың, нұсқаулықтар мен үдерістердің барлығын бір уақытта қолжетімді қылатын Tech Pubs, жүйесінің тәмамдалып, іске қосылуы;
  • Алматыда ангарды жалдау мерзімін тағы бес жылға ұзарту.

Инженерлік-техникалық қызмет

«Эйр Астана» әуекомпаниясы өз ұшақтарына үдерістер мен рәсімдерге ұдайы тексеріс жүргізіп отыратын EASA, Аруба азаматтық авиация басқармасы (DCA) мен ұлттық Азаматтық авиация комитетінің талаптарына сәйкес қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, 2017 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы, Астана мен Атырау қалаларындағы қызметіне жан-жақты тескеріс жүргізілгеннен кейін EASA 145 Бөлім сертификаты мен IATA эксплуатациялық қауіпсіздік аудитінен өткендігі жөніндегі сертификаттың әрекет ету мерзімдері ұзартылды.

Компанияның 2017 жылы техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметі Қытай мен Еуропада техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ұйымдарының базасында өткізілген 24 ірі тексерістен құралды. Қазақстанда қозғалтқыштар мен шассилер жоспарлы түрде алмастырылып, A-check формасы бойынша тексерістер өткізіліп, сондай-ақ құстармен қақтығысу салдарынан келген ақаулар мен перронда пайда болған ақауларды құрылымдық жөндеуден өткізу жөнінде бірқатар жұмыс жүргізілді. Тамыз айынан бастап техникалық қызмет көрсетуді бақылау орталығы Ahead-Pro жүйесін пайдалана отырып, «Эйр Астана» әуекомппания Embraer әуе кемелері паркіндегі ақауларды шынайы уақыт режимінде мониторингтен өткізе бастады.

Бұдан бөлек, 2017 жылы салондарды жаңарту жөніндегі бірнеше ірі бастама, соның ішінде 16 ұшақта IFE стримингтік ойын-сауық жүйелерін орнату мен Boeing 767 әуе кемелерінде интернетке шығуды қолжетімді қылу бағытындағы жұмыстар жалғасын тапты. Жаз кезінде Компанияның жердегі көмекші жабдық жөніндегі департаменты барлық жерде қызмет көрсету жабдығы мен мұздануға қарсы өңдеу жабдықтарына оларды қысқы маусымға дайындау үшін тексерістен өткізді.

«Эйр Астана» кезекті рет Skytrax зерттеуі бойынша Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания болып танылып, салондарды жинау бөлімі жөнінде келесідей пікір қалдырылды: «Салондардың тазалық стандарттары 4,5 жұлдыз бен 5 жұлдыз аралығындағы деңгейде; «Эйр Астана» қызметінің осы қыры ерекше тиімділікпен сипатталады».

Компанияның жөндеу цехтарын дамыту жалғасын тапты: багажға арналған контейнерлерді дәнекерлеп жөндеу станциялары, IFE құлаққаптарын жөндеу станциясы (ол жерде күнібүгінге дейін қоқысқа тасталып келген 4,7 мың құлаққап жөндеуден өтті) мен апаттық радиомаяктардағы батареяларды алмастыру цехы құрамдалды.

Инженерлік-техникалық қызметтерді сату

2017 жылы инженерлік-техникалық қызмет департаментінің сатулар бөлімшесі оқыту мен семинарлар өткізуден қосымша кіріс әкеліп, нарықта техникалық қызмет көрсетуді табысты түрде ілгерілетуін жалғастыра түсуде. Астанада техникалық қызмет көрсету орталығының ашылуымен қазіргі уақытта белсенді түрде зерделеніп жатқан көптеген қосымша тысқары мүмкіндіктер туындайды. Бұл бөлімше өзге әуекомпаниялардан келіп түсетін техникалық қызмет көрсету, логистика мен кедендік рәсімдеу, материалдарды өңдеп, сақтауға қатысты сұрауларды өңдеу сияқты жұмыстардың үйлестірілуін іске асырады. Ол сондай-ақ Компания мектебінде авиациялық салада білім алуды үйлестіреді.

Cleaning

Өндірістік оқыту бағдарламасы

Инженерлік жобалар жөніндегі менеджер Қазақстанда білікті қызмет көрсетуші кадрлардың жетіспеушілігі проблемасын шешу жөніндегі маңызды жобаны іске асырды. Жоба нәтижесінде Компанияға осы тапшылықтың орнын оқытудың өндірістік бағдарламасын енгізу арқылы толтырудың Компания үшін аса пайдалы болатындығы белгілі болды. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін қазіргі студенттер ол бойынша Еуропадағы серіктеспен бірлесе оқитын болады. Оқу аяқталған соң олар EASA сертификатын иеленіп, Компанияның кеңеюі жолында жаңа механиканың көзіне айналады.

2018 жылға арналған перспективалар

Инженерлік-техникалық қамсыздандыру жөніндегі департаменттің 2018 жылға арналған перспективалары мен негізгі жоспарлары төмендегілерден тұрады:

  • Boeing 767 әуе кемелері паркі мен Астанада шоғырланған барлық әуе кемелеріне қолдау көрсету үшін Астанада техникалық қызмет көрсету жұмыстарының басталуы;
  • Өндірістік оқыту бағдарламасының іске қосылуы;
  • Airbus 321NEO ұшақтарын әуе кемелері паркіне енгізу жөніндегі жұмыс;
  • 2019 ж. лизингке алынған әуе кемелерін қайтару мен ұшақтардың жеткізіліміне дайындалу;
  • Тысқары клиенттік қызметтерді, әсіресе Астанада дамыту;
  • Өз әуе кемелеріміз негізінде техникалық қызмет көрсету мүмкіндіктерін әрі қарай дамыту;
  • Техникалық қызмет түрлерін ұсыну есебінен кірістердің жаңа ағындарын дамыту.