Сыртқы аудит

Сыртқы аудитор аудиторлық қызметтер өткізу үшін Халықаралық аудит стандарттары (International Standards on Auditing) мен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын (International Financial Reporting Standards) пайдаланады.

«Эйр Астана» компаниясы үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі әрекеттегі тәртіп Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Эйр Астана» АҚ сатып алуларды іске асыру регламентінің ережелеріне сәйкес аудиторлық ұйымды таңдау рәсімдерін өткізу, одан соң аудиторлық ұйымға қызмет көрсету келісім-шартын жасасудан құралады. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қоғам жарғысы, сатып алулар жөніндегі регламент және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес жасақталған.

Аудитор үш жылдан аспайтын уақытқа тағайындалады. Осы уақыт өткеннен кейінгі сабақтастық жоспары аудитор тарапынан дайындалып, Аудит жөніндегі комитет назарына орнына жаңа аудитор келгенге дейін бір жыл қалмай тұрып ұсынылуы керек.

«Эйр Астана» компаниясының 2017– 2019 жж. ішкі аудиторы «КПМГ Аудит» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйымы болып табылады.